2020 ж. мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 «Қарағанды облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты архивтерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылдық ақпарат

 

Басқарма Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру»;
  2. «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру»;
  3. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
  4. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау».

Оның ішінде Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері арқылы - 1: архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру. «Электрондық лицензиялау» порталы және «электрондық үкімет» порталы арқылы - 3: мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру, көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау, мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру. Барлық қызметтер автоматтандырылған.

Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылар мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік алуға және «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінім тапсыруға жүгінген жоқ. Мемориалдық тақта орнатуға 16 рұқсат берілді.

Дата публикации
01 февраля 2021