Жемқорлықтың алдын-алу шаралары

Жемқорлықтың алдын-алу шаралары

2024 жылдың 15 мамыры сағат 10:00-де басқарма басшысының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 64/нқ бұйрығына сәйкес «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды көпшілік алдында қарау ТОР Injoy Project жобасының бас инженері           Р.Е.Савчук және Broad Mark Construction технадзор сарапшыларының қатысуымен жүргізілді.

Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізімі қаралды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы келісілді.

Көпшілік алдында талқылау барысында басқарма басшылығы жұмыста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді