
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 15 мамыры «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемелекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында қарау жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік органдармен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7212) 41-07-34 телефонына хабарласыңыздар немесе S.Dikanbaeva@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына жолдаңыздар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.
Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.