Меню

Страницы

Статья

Сәулет және қала құрылысы

       

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және оларға құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы бойынша 359 елді мекен бар. Оның ішінде   6 облыстық маңыздағы қала, 2 аудандық маңыздағы қала, 11 халқының саны 5 мыңнан жоғары және 340 халқының саны 5 мыңнан төмен елді мекендер бар.

Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен келісіліп, бекітілді. Осы жол картасына сәйкес, 2018-2021 жылдар аралығында халқының саны 5 мыңнан төмен 374 елді мекендердің бас жоспарлары жасалынды.             

Қазіргі таңда 359 елді мекен, оның ішінде 8 қала (6 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), 5 мың тұрғын санынан жоғары 11 елді-мекен және 5 мың тұрғын санынан аз 340 елді-мекендер жаңа бас жоспарлармен қамтылған. Елді мекендердің 100% жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.

Облыстық маңыздағы қалалар бойынша 56 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, атап айтқанда Қарағанды қаласы - 25, Балқаш қ. -5, Саран қ.-4, Теміртау қ. - 11, Шахтинск қ. – 11 әзірленген. 9 аудан орталығының (оның ішінде 2 аудандық маңыздағы Абай, Қарқаралы қалалары) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бас жоспардың құрамында бірге жасалған.

Дата публикации
06 февраля 2020
Дата обновления
06 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
06 февраля 2020
Сәулет және қала құрылысы
06 февраля 2020
Құрылыс

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы