
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және оларға құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы бойынша 359 елді мекен бар. Оның ішінде 6 облыстық маңыздағы қала, 2 аудандық маңыздағы қала, 11 халқының саны 5 мыңнан жоғары және 340 халқының саны 5 мыңнан төмен елді мекендер бар.
Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен келісіліп, бекітілді. Осы жол картасына сәйкес, 2018-2021 жылдар аралығында халқының саны 5 мыңнан төмен 374 елді мекендердің бас жоспарлары жасалынды.
Қазіргі таңда 359 елді мекен, оның ішінде 8 қала (6 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), 5 мың тұрғын санынан жоғары 11 елді-мекен және 5 мың тұрғын санынан аз 340 елді-мекендер жаңа бас жоспарлармен қамтылған. Елді мекендердің 100% жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.
Облыстық маңыздағы қалалар бойынша 56 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, атап айтқанда Қарағанды қаласы - 25, Балқаш қ. -5, Саран қ.-4, Теміртау қ. - 11, Шахтинск қ. – 11 әзірленген. 9 аудан орталығының (оның ішінде 2 аудандық маңыздағы Абай, Қарқаралы қалалары) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бас жоспардың құрамында бірге жасалған.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 701 бұйрығымен салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше қабылдау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен бекітілген қабылдау актісінің нысандарына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше қабылдауға арналған құжаттар тізбесінен, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жағдайында сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың шешімінің бар болуы алынып тасталды.
Осыған байланысты, меншік иесі салынған объектіні пайдалануға қабылдау үшін ЖАО-ның шешімі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және мемлекеттік құрылыс нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. ҚР ЕЖ 1.01-104-2014 " Құрылыс терминологиясы. Құрылыс конструкциялары. Құрылыс материалдары және бұйымдары" 4.891-тармағына сәйкес қоршау конструкциялары- бұл ғимарат ішіндегі кеңістікті жеке көлемге бөлетін немесе ғимараттың ішкі көлемін сыртқы ортадан қорғайтын тік (немесе көлбеу) конструкциялар. ҚР ЕЖ 1.01-102-2014 "Құрылыс терминологиясы және құрылысты ұйымдастыру" 3.422-тармағына сәйкес көтергіш конструкциялар – бұл жүктемелер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін, қаттылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ететін құрылыс конструкциялары. Сонымен қатар, ҚР ЕЖ 3.02-101-2012 «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары» 4.5.6-тармағына сәйкес, ірі панельді үйлерде тіреу қабырғаларда ойық жасап пәтерлерді қайта жоспарлауға жол берілмейді. Ірі панельді тіреу қабырғалары бар көп пәтерлі үйлердің тұрғын үй ғимараттарындағы пәтерлерді қайта жоспарлауға тек тіреу емес құрылымдарды (кіріктірілген ағаш шкафтар, ішкі қабырғалар) бөлшектеу есебінен ғана жол беріледі
ҚР ҚН 3.01-02-2012 ережелеріне сәйкес:
"5.3.2.3 Көшелерге іргелес жатқан үй-жайлық учаскелердің шекаралары қызыл сызық бойынша белгіленуі тиіс. Үй-жайлық учаскедегі тұрғын үйді тұрғын көшелердің қызыл сызығынан кемінде 3 м және магистралдық көшелердің қызыл сызығынан кемінде 6 м қашықтықта орналастыру керек.
5.3.2.4 Тұрғын үйді, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды орналастыру, олардың жоспардағы және биіктік бойынша көлемдерін нормативтік талаптарды, қала құрылыстық регламенттерді сақтай отырып және іргелес учаскелердің қажетті инсоляциялық жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы белгілейді (немесе оның тапсырысы бойынша өзге тұлға).
ҚР ЕЖ 3.01-102-2012 ережелеріне сәйкес:
"5.2.1 Тұрғын үйді, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды орналастыру, олардың жоспардағы және биіктік бойынша көлемдерін нормативтік талаптарды, қалақұрылыстық регламенттерді сақтай отырып және көршілес телімдердің қажетті инсоляциялық жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы белгілейді (немесе оның тапсырысы бойынша өзге тұлға). Тұрғын үй мен шаруашылық имараттарды орналастыру кезінде көршілес үй-жай телімі шекарасынан тұрғын үй қабырғасына дейін кем дегенде 3м қашықтықты сақтау керек; 1 м – шаруашылық имараттарға, аталған құрылыстардың көршілес телімдердегі сәйкес құрылыстармен біріктірілген жағдайлардан бөлек.