
1989 жылғы 20 қарашада Қарағанды облысыда дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқып аяқтады. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін 2025 жылы «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша оқып аяқтады.
Өзінің еңбек жолын 2011 жылы «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бас маман қызметінен бастады. 2014 -2021 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының экономикалық даму және талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастап бөлім басшысы қызметіне дейін қызмет атқарды. 2021-2026 аралығында «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылдың 5 қазанынан бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.