Меню

Страницы

Статья

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,6% - ға артып, 99 190 бірлікті құрады. Оның ішінде: шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары - 19,3 мың бірлік, жеке кәсіпкерлер - 69,8 мың бірлік, шаруа, фермер қожалықтары - 10,1 мың бірлік.

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 90,5% құрады.

ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,9 трлн. Теңге болды.

ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 237 138 адамды құрады, олардың облыстағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі 43,3%-ға жетті (01.10.2023ж.).

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 44 млрд. теңге несие сомасына 957 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 37,6 млрд. теңге сомасына 535 жоба субсидияланды, 6,3 млрд. теңге сомасына 392 жобаға кепілдік берілді, 141,2 млн. теңге сомасына 30 грант берілді.

2023 жылдан бастап «Кәсіпкер» Өңірлік бағдарламасы бастау алды (Дамумен тепе-теңдік негізінде 50/50). 2023 жылы 1,3 млрд. теңгеге 41 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 52 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылдан бастап ШОБ-ты Бірыңғай кешенді қолдауды іске асыру басталды, оның мақсаты мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалануды және экономиканың түрлі секторларында бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын кәсіпорындарды дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

         ШОБ-ты қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 6 бағыт бойынша іске асырылуда:

  • микро кәсіпкерлік;
  • шағын және орта кәсіпкерлік;
  • өңдеу өнеркәсібі мен қызметтеріндегі шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
  • моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік;
  • әлеуметтік кәсіпкерлік;
  • қор биржасы (KASE, АХҚО)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2021
Дата обновления
05 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 декабря 2025
Қарағанды облысында сертификатталған кәсіби гидтерді дайындау басталды
Ақпарат
24 сентября 2024
Өнеркәсіптік кәсіпорындар каталогы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы