Ішкі сауда
2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қарағанды облысының ішкі сауда қызметтерінің көлемі - 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 8,6%-ға өсіммен 1291,4 млрд.теңгені құрады. Бөлшек сауда көлемі 577,9 млрд. теңгені немесе 101,9% - ды құрады, көтерме сауда көлемі 711,3 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 114,9% - ды құрады.
Бөлшек және көтерме сауда көлемі бойынша Қарағанды облысы Қазақстан Республикасында 4 орын алады.
Сыртқы сауда айналымы
2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қарағанды облысының шет елдермен сыртқы сауда айналымы 2983,2 млн. АҚШ долларын немесе 2020 жылғы қаңтар-шілдеге 135,5% құрады, оның ішінде тауарлар экспорты - 2 578,2 млн. АҚШ доллары (135,4%), импорт – 405,0 млн. долларын (136,1%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты - 2173,2 млн. АҚШ доллар.
ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы
2021 жылғы қаңтар-маусымда Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 1658,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Экспорт 1004,5 млн. АҚШ долларын (226,2%), импорт – 654,4 млн. АҚШ долларын (155,2%) құрады.
Өзара сауданың негізгі үлесі (95%) Ресей Федерациясына тиесілі, оның тауар айналымы 1576,4 млн. АҚШ доллар. Беларусь Республикасымен өзара сауда көлемі 46,5 млн. АҚШ долларын (2,8%), Қырғызстан Республикасымен – 35,5 млн. АҚШ долларын (2,1%), Армения Республикасымен – 489,6 мың. АҚШ долларын (0,03%) құрады.