01.05.2025ж.

Қарағанды облысындағы ШОБ дамыту туралы

анықтамалық ақпарат

(01.05.2025 ж. жағдай бойынша)

 

ШОБ

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 111 185 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 99 535 бірлікті немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 99% құрады.

ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10,3% өсіммен 3,5 трлн. теңгені құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны - 244,6 мың адам. Облыстың жұмыспен қамтылған халқының ішіндегі ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі 45,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 0,4 пайыздық тармақ өсіммен 21,4% -ды құрады, орта кәсіпкерліктің үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармақ өсіммен 3,5%-ды құрады.

  2025 жылғы қаңтар-наурыз қорытындылары бойынша ШОК субъектілерінен түсетін салық түсімдері – 99,5 млрд.теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға өсті.

 

     ШОБ-ты қаржылық қолдау

2025 жылы Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға облыстық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінді.

                 Субсидиялау - 2532,2  млн. теңге

                 Кепілдік беру - 500  млн. теңге

          Гранттар - 130,2 млн.теңге.

        2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10,1 млрд.теңге кредит сомасына 80 жаңа жоба субсидияланып, кепілдендірілді және өткен жылдардағы 1,7 мың жобаны субсидиялау жалғасуда.

        Оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 9,0 млрд. теңге кредит сомасына 62 жаңа жоба қаржыландырылды және өткен жылдардағы 1,7 мың жобаны субсидиялау жалғасуда,

- кредиттерге кепілдік беру бойынша - 1,1 млрд. теңге кепілдік сомасына 18 кепілдік берілді;

 

 «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылы бағдарламаны іске асыруға 1,4 млрд.теңге (ОБ-700 млн. теңге; Даму қоры – 700 млн. теңге) көзделген, 8 жоба қаржыландырылды.

 

 

         Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімі

         01.04.2025 жылғы жағдай бойынша арнайы комиссияның ұсынысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 31 кәсіпкер енгізілді.

     

Қаржылық емес қолдау

        Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызмет көрсету орталықтары ағымдағы жылы 3231 ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетті.

        «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы бойынша 295 ШОБ субъектісіне 295 қызмет көрсетілді:

       - «Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер» - 158 клиент;

         - «Бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша қызметтер» - 137 клиент, оның ішінде 15 онлайн қызмет.

         «Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 1067 клиентке офлайн түрде 2143 қызмет  көрсетілді, оның ішінде 431 ЖТ, 636 ШОБ субъектілері:

          Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында түрлі мәселелер бойынша 793 кәсіпкер қызмет алды.

            

             Бизнес-климатты жақсарту

             Бизнес-климатты жақсарту мақсатында 2023 жылы депутаттық корпустың қолдауымен бөлшек салық мөлшеолемесі (БСМ) 4-тен 2% - ға дейін төмендетілді, бұл бизнеске салық жүктемесін төмендету және оның көлеңкеден шығуы бойынша үлкен қадам болды.   

             01.04.2025 ж. жағдай бойынша:

- БСМ қолданатын тіркелген салық төлеушілердің жалпы саны - 3 772 субъект (01.07.2023 ж. дейін -150 салық төлеуші)

- бюджетке салық түсімдерінің сомасы - 8,3 млрд. теңге (01.07.2023 ж. дейін -38,2 млн. теңге);

 

             «Іскерлік климат» рейтингі

             2024 жылғы «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингінің (орта бизнес бойынша) нәтижелері бойынша Қарағанды облысы республикада 11-ші орында. «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы тоқсан сайын және жылдық негізде жүзеге асырады.

 

 

ШОБ дамыту туралы анықтамалық ақпарат
Дата публикации
06 мая 2025