Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді мемлекеттік қолдау шарасы жүзеге асырылады.
Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген қағидалар негізінде ұсынылады.
Құжаттарды «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп жөніндегі өңірлік Үйлестіру Кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі XVII сессиясының № 200 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпанындағы XXIII сессиясының № 264 шешімімен бекітілген Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпанындағы № 11/04 қаулысымен бекітілген өңірлік үйлестіру кеңесі қарайды.
2025 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы инвестиция сомасы 1 млрд. 595 млн. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу сомасы 498 млн. теңгеге «АӨК (Агро-өнеркәсіптік кешен)» ЖШС және «Alisha Group» ЖШС 2 жобасы мақұлданды.