Инженерлік инфрақұрылымды орнату ережелері

Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды тарту мемлекеттік қолдау шарасы жүзеге асырылады.

            Инженерлік инфрақұрылымды тарту 2024 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 754 Қаулысымен бекітілген Ережелер негізінде жүзеге асырылады.

            Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жеке жобалар үшін де (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде де жаңа өндірістер құруға, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуден тұрады.

            Бөлінген қаражат су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, қосалқы электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады

            Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден асады;

      2) инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион теңгеден асады, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) миллиард теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобалар құрылысының әзірлік дәрежесі 30 %-дан кем болмауға тиіс.           Кәсіпкер осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, онда инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі қамтылып, мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бизнес-жоспар;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама;

      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама;

      5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері;

      6) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары.   

            Ереженің 2-ші бөлімінің 20-шы тармағына сәйкес, «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» МҰ өңірлік координатор болып табылады.

 

 

https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000754#z2798

Инженерлік инфрақұрылымды орнату ережелері
Дата публикации
22 октября 2024