Бизнес
2020 жыл шағын және орта бизнес үшін оңай болған жоқ. Пандемияның негізгі соққысын локдаун және карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болған кәсіпкерлер қабылдады.
Пандемия зардаптарын еңсеру үшін мемлекет кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын іске асыруға 2,8 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа бизнестің 421 жобасына субсидиялар, кепілдіктер, гранттар және инфрақұрылым берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 46%-ға артық. Жобалар өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, сауданы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді, қонақ үй бизнесін және т.б. дамытуға бағытталған, нәтижесінде мемлекет салған субсидиялардың 1 теңгесіне 10 теңге инвестиция келеді, 561 жұмыс орны құрылды., 561 жұмыс орны құрылды.
«БЖК 2025» бағдарламасы жобаларының жалпы санының 34% моноқалаларға тиесілі, соның есебінен 9 млрд.теңге инвестиция тартылды.
2020 жылы Қарағанды облысы субсидиялау құралы шеңберіндегі жобалар саны бойынша ҚР-да 3-ші орын алады.
«Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу тетігі шеңберінде 2020 жылы 9,5 млрд.теңге кредит сомасына 114 жоба мақұлданды. Жобалар АӨК, тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1187 шағын несие берілді, оның шамамен 92%-ы ауылдық жерлерде. Жобалар мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған. Микрокредит берумен облыстың барлық өңірлері қамтылған, микрокредиттердің ең көп саны Бұқар Жырау (195), Қарқаралы (187) және Жаңаарқа (186) аудандарында қамтылған.
2020 жылы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары шеңберінде өтеусіз гранттар беру жалғасты. Өз ісін ашуға жас кәсіпкерлерге, көп балалы аналарға және азаматтардың басқа да санаттарына барлығы 1135 млн.теңге сомасына 1871 грант берілді.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттардың ең көп санын Қарағанды (193 грант) және Жезқазған (177) қалалары, Нұра (120), Жаңаарқа (100) және Бұқар Жырау (100) аудандары алды.
Жас кәсіпкерлер үшін әкімдердің гранттарын беруге конкурстар өткізу үлкен демеу болды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен). Бұл мақсатқа алғаш рет Бұқар Жырау ауданында 45 млн. теңге, Ұлытау ауданында 30 млн.теңге бөлінді.
Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Qoldau.KZ» веб платформасында электрондық нысанда мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсын өткізді.
Құрамында 11 адам бар конкурстық комиссиямен (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), қоғамдық бірлестіктердің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын) өтініш берушілердің 204 жобасы қаралды, оның ішінде гранттың орташа чегі - 4 млн.теңге болатын 13 жоба іріктелді.
Мемлекеттік грант иегерлерінің арасында – Бұқар-Жырау, Нұра, Ақтоғай, Осакаров аудандарының және Балқаш, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларының әлеуметтік осал топтары, жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бар,
Экономиканың зардап шеккен секторларын қолдауға бағытталған ШОБ-ты жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша 25,1 млрд.теңге сомасына 111 кредит берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалдау үшін, 1289 шарт бойынша 125 млн.теңгеге төлемақы есептеу тоқтатылды.
4800 кәсіпкерге жалға алу құнынан толық босатудан бастап 40%-ға дейінгі жеңілдіктер берілді. Екінші деңгейдегі банктер 300 кәсіпкерге кредиттер, негізгі борыш және пайыздар бойынша мерзімдерін кейінге қалдырды
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерін жүктеу үшін ірі кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар белдеуі жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі компаниялар 112,7 млрд.теңге сомасына өнім жеткізу және сервистік қызмет көрсету бойынша 724 әріптестік келісім жасасты.
Кәсіпкерлер үшін қаржылық емес қолдау шаралары сұранысқа ие болып отыр. 2020 жылы бизнес жүргізу негіздеріне 2,6 мыңнан астам адам оқытылды, оның ішінде «Бастау-Бизнес» жобалары бойынша - 1800 адам және «Бизнес мектеп» жобалары бойынша - 846 адам оқытылды. Оқытылғандардың жалпы санынан 750 кәсіпкер өз ісін ашу үшін гранттар және жеңілдікті микрокредиттер түрінде қаржылық қолдау алды.
Бизнес инфрақұрылыммен (КҚО, КҚКО, КҚМО) 4 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғаларға 10,3 мың консультация берілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдау аясында 2666 кәсіпкерге 2646 офлайн және 244 онлайн қызметтер көрсетілді.
Жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғасуда. 2020 жылы сауда және қызмет көрсету саласында 29,2 млрд.теңгеге, 1840 тұрақты жұмыс орнын құрумен 447 жоба іске асырылды.
COVID-19 пандемиясы осы жылы электрондық сауда нарығының дамуына басқа факторлардан да зор әсер етті. Дәстүрлі форматтағы дүкендердің мәжбүрлі жабылуы тұтынушыларды интернет-дүкендердің қызметіне белсенді жүгінуіне әсер етті.
Отандық нарықтағы онлайн-сауданың негізгі өкілдері қарағандылық ірі компаниялар болып табылады, олар: Flip.kz -халық тұтынатын тауарларды сату, Shop.kz (ТМ «Белый ветер») – тұрмыстық техника мен компьютерлерді сату, Wooppay – онлайн төлемдер, Mebels.kz -жиһаз.
Сондай-ақ, облыста биылғы жылы «Global City» көтерме-тарату орталығының жобасы іске асырылды, онда электрондық биржа типі бойынша түрлі көлемдегі ірі, ұсақ көтерме және бөлшек саудада интернет сатуды қамтамасыз ету жүйесін енгізу жоспарлануда.
Электрондық сауданы дамыту мақсатында «Атамекен» ҰКП интернет-сату дағдыларына оқыту жүргізеді. Тек 2020 жылы 846 тыңдаушы курстан өтті, жоспар бойынша 350.
Қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 3,7 есеге артты. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің үлесі тауар айналымының жалпы көлемінде 21,8% - дан 78,1% - ға дейін өсті.
Қазір электрондық сауда экономиканың басым бағыттарының бірі болып табылады, ол қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуге, көлеңкелі сауда көлемінің төмендеуіне және кәсіпкерліктің жалпы өсуіне ықпал етеді.
Пандемия туризм саласына да түзетулер енгізді. Шекаралардың жабылуына байланысты ішкі туризм белсенді дами бастады.
2020 жылы туризм саласында 1008,5 млн.теңге сомасына 17 жоба іске асырылды, 101 жұмыс орны құрылды.
Ұлытаудағы Визит орталығы мен қонақ үй құрылысы аяқталды.
Ұлытауға баратын 30 км автожолға (Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтпаев а/ж 174-204 км) орташа жөндеу жүргізілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша бизнестің жаңа болмысқа жылдам өзгеруі және дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2019 жылға қарағанда 2,1% - ға өсіп, 90 196 бірлікті құрады. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтану (жеткізу) және ақпарат пен байланыс саласында жаңа бизнес субъектілері ашылды.
Бұл ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санының (2020 жылғы 1 қазанға-245,8 мың адам) 3% – ға, өнім шығарудың 6,7%-ға (2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 1 120,4 млрд.теңге) өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «ШОБ-қа жеңілдікпен кредит беру» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау жалғасатын болады.
Сауда, туризм және қызмет көрсету саласында 16,1 млрд. теңге инвестиция сомасына 1486 жұмыс орнын құрумен 258 жаңа нысанды ашу жоспарланған.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасады.
Биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1500 адамды оқыту, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес процестердің сервистік қызметтерін көрсетуді жалғастыру жоспарлануда.
Бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Пандемиядан зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін ШОБ үшін 3% мөлшерінде бөлшек салық, ҚҚС төлеуден босату (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) енгізіледі, еңбекақы төлеу қорына жүктеме төмендетіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша микро және шағын бизнес субъектілері үшін тексерулер жүргізуге және табысқа салынатын салықтан босатуға мораторий қолдану жалғасады.