Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді, оның ішінде – «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету; «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру; Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру.
2020 жылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет берушілермен қағаз нысанда көрсетілгені-0, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені - 14, Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені – 0, электрондық түрде көрсетілгені – 0, көрсетілетін қызметті берушілермен «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін, қағаз нысанда баламалы негізде көрсетілгені – 7 қызмет.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Ағымдағы жылдың маусым айында 1 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді – Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру.
Ағымдағы жылдың тамыз және желтоқсан айларында 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету, қағаз түрінде.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді – «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну, электрондық түрде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.