Т.Әубәкіров көшесі №135 б құжаттары қашан дайын болады?
Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров көшесі мекенжайындағы №135 б тұрғын үйінің мердігері «Асмир строй-сервис» ЖШС-не құрылыс нысанын толық аяқтап, пайдалануға беру туралы облыстық экономикалық соттың 10.09.2019ж. №151/19-35-12 шешімі шығып, сот орындаушысына тапсырылған. Сот орындаушысының 03.07.2020ж. №4122 ұсынысымен мердігер «Асмир строй-сервис» ЖШС-і сот шешімін орындамағанына байланысты 6 722 760 теңгеге штраф салу үшін экономикалық сотқа құжаттары берілді.
Көп балалы аналарға үй қашан беріледі?
Бүгінгі күні тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 28 көпбалалы отбасы тұр. Қарқаралы қаласында кезекте тұрған көп балалы аналарға 9 (тоғыз) арендалық тұрғын үйлер сатып алу үшін аудандық бюджеттен бөлінген 65,1 млн.теңге қаржыға 10 шілде күні хабарлама берілді. Конкурсқа үй сатушылар 10 тамызға дейінгі мерзімде түсуіне болады. Сонымен қатар, Қалған көпбалалы отбасыларға Қарқаралы қаласының шығыс бөлігінде салынып жатқан 4 тұрғын үйден беріледі.
Мен үйге тіркеуде тұрмын, үйді қашан аламын?
Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 451 адам тұр. Оның ішінде бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын - 122 адам, жетім балалар – 112, көпбалалы отбасылар – 28, әлеуметтік осал топтар – 185, тұрғын үйлері авариялық жағдайда - 4. Қарқаралы қаласының шығыс бөлігінде салынып жатқан 4 тұрғын үй әлеуметтік осал топтарына таратылатын болады. Сонымен қатар, биылғы жылы 18 пәтерлі 2 үйдің құрылысы басталады және 36 пәтерлі 2 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Коммуналдық қызметтерге 15 000 теңгеге тапсыра аламын ба, тоқтап қалған жоқ па, қандай құжаттар керек?
Коммуналдық қызметтерге 15 000 теңгеге өтінішті 1, 2, 3 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау кезінде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары, ең төменгі зейнетақы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Грант қалай беріледі, кімдерге беріледі?
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша мемлекеттік грантты беру үшін 40 адамға (Грантты барлық категориядағы адамдар ала алады. Бірінші кезекте «Бастау бизнес» сертификаты барларға басымдық беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар бұл сертификатсыз қатыса алады) 530 мыңнан ақша бөлінді.
Бүгінгі күні аудандық комиссияның шешімімен 20 адам грант алды. Енді осы айдың аяғында комиссияның екінші отырысында қалған 20 грант берілетін болады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде болады деген, бірақ неге құжаттар сұратылады?
Өтінішті жаңадан тапсырып отырғандардан ғана қабылдамаймыз (егов порталы арқылы, жұмыспен қамту орталықтары).
Сондай-ақ өзгерістер болған жағдайда қосымша құжаттар сұраймыз (ақпараттық жүйеде көрінбейтін АӘК мөлшеріне әсер ететін құжаттар: алимент, еңбекақы жөніндегі табыс, жеке шаруашылық жөніндегі анықтама).
Оқу бітіріп келген жастарға қандай жұмыс болады?
Оқу бітіріп келген жастарға «Жастар практикасы» бағдарламасы бар. Сол арқылы мамандығына байланысты жұмысқа тұра алады.