«Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 09 шілдесінде көп балалы, жағдайы төмен отбасыларға арнап Қарқаралы қаласында үш немесе одан көп бөлмелі тұрғын үйлерді немесе пәтерлерді сатып алуға ашық конкурс жариялады. Пәтерлердің жалпы аумағы 60 шаршы метрден жоғары, жеке меншік тұрғын үйлердің жалпы аумағы 70 шаршы метрден жоғары болуы қажет.
Қарқаралы қаласында жеке меншік тұрғын үйлер мен пәтерлерін сатамын деушілерге мемлекеттік сату-алу порталы (www.goszakup.gov.kz) арқылы 10 тамызға дейінгі мерзімде ашық конкурсқа қатысуына болады.
Конкурсқа қатысамын деушілерге Қарқаралы ауданының құрылыс бөліміне келіп қосымша ақпарат алуға болады. Мекенжайы: Қарқаралы қ., Ә.Бөкейханов к. 55 құрылыс. Тел.: 8(72146)31-3-06.