Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті аудан тұрғындары!

         Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2023 жыл ауданымыздың өмірі үшін өзіндік айшықты оқиғаларымен есте қалды. Жыл ішінде бірқатар іргелі жобалар жүргізіліп, айтулы тарихи даталар атап өтілді. Біз ауданымыздың әлеуметтік-экономикасын дамытуда барлық салалардың жұмысын алға бастыруды назарда ұстадық. Ауданымыздың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту басшылыққа алынды.

         Ауданға қарасты елдімекендердің инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік нысандарын жандандыруға, ауыл шаруашылығын өркендетуге, инвестиция көздерін тартуға жұмыстар жүргізілді. Президент тапсырмасына сәйкес, ауданымыздың туристік саласын дамыту мақсатында үш жылдық жоспар әзірленіп, іске асырылып жатыр. Осы мақсатта республикалық жолға жөндеу жүргізіліп, туристік жобалардың жұмысы басталды.

         Алдағы жылы да біз ауданда жүргізіліп жатқан жобалар мен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын боламыз. Осы жоспарлы жұмыстардың барлығын аудан халқымен ұйым-берекемен бірлесіп, атқарамыз деген сенімдеміз.

         Жаңа жыл – тың бастама, жаңа жоспар құратын жауапты кезең. Ең бастысы, біздің мақсатымыз айқын, мүддеміз ортақ. Ол – туған өлкемізді барынша көркейтіп, халыққа адал қызмет жасау.

         Қадірлі ағайын! Жаңа жыл әр шаңыраққа ырыс пен береке, қуаныш пен шаттық әкелсін! Ойдағы арман, асыл тілектеріңізге жете беріңіздер! Баршаңызға амандық пен мықты денсаулық тілейміз! Жаңа жыл халқымызға құтты жыл болсын!

 

Ә.Арғынов,                                             С.Оспанов,

аудан әкімі                                аудандық мәслихат төрағасы