Қарқаралы ауданының құрамына 62 елді мекен кіреді, оның ішінде 23 ауылдық округ, 1 кент және 1 қала.
61 ауылдық елді мекеннің 4-і тірек АЕМ (Қарағайлы к., Көктас а., Егіндібұлақ а., Бүркітті а.), 5 серіктік АЕМ (Борлыбұлақ а., Жарлы а., Қарыншы а., Бүркітті ст., Жәнібек а.), 52 басқа АЕМ.
Қарқаралы ауданы бойынша 2020 жылы "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасы шеңберінде іске асыру үшін жалпы сомасы 553562,0 мың теңгеге төмендегі 6 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде:
(республикалық бюджеттен-436091,0 мың теңге; облыстық бюджеттен-75000,0 мың теңге; жергілікті бюджеттен-42471,0 мың теңге)
|
р / с № |
Жобалардың атауы |
2020 жылы бөлінген, мың теңге |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
Қарқаралы ауданы |
553 561,8 |
|
1 |
Қарағайлы кенті № 16 ОМ күрделі жөндеу |
181 022,8 |
|
2 |
Егіндібұлақ ауылының МҮ күрделі жөндеу |
100 000,0 |
|
3 |
Көктас аулының кентішілік жолдарын орташа жөндеу |
163 282,0 |
|
4
|
Бүркітті ауылының кіреберіс жолдарын орташа жөндеу жұмыстары |
33 670,0 |
|
5 |
Көктас ауылындағы № 4 ОМ күрделі жөндеу (шатырды жөндеу) |
22 410,0 |
|
6 |
Қарағайлы кенті ішіндегі жолдарды орташа жөндеу |
53 177,0 |
4 жоба бойынша конкурстар ойнатылып, мердігерлер анықталды:
Қарағайлы кенті №16 ОМ күрделі жөндеу, 2020 жылдың 5 мамырында мердігер "Марал Құрылыс" ЖШС № 139 келісім-шартқа қол қойылды. Жұмыстар мауысым айында басталады;
Көктас ауылының 5 км кентішілік жолын орташа жөндеу, 2020 жылдың 17 сәуірінде мердігер "Сарыарқа жолдары" ЖШС № 37 келісім-шартқа қол қойылды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр;
Көктас ауылындағы №4 орта мектептің күрделі жөндеуі, 2020 жылдың 20 сәуірінде мердігер "Гарейс - Строй" ЖШС № 119 келісім-шартқа қол қойылды. Жұмыстар мауысым айында басталады;
Қарағайлы кентінің 2,1 км. 7 көшесі бойынша кентішілік жолдарды орташа жөндеу (Аманжолов-Ленин, Ибраев, 13 орамнан 18 орамға қарай, 23 орам, Машанов-Юбилейная-Рудникская, Байтұрсынов, Жүнісов көшелері) 2020 жылғы 20 мамырында мердігер "Қарағанды авто" ЖШС № 53 келісім-шартқа қол қойылды. Жұмыстар мауысым айында басталады.
2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталған жоқ:
Бүркітті ауылының кіреберісі кентішілік жолына орташа жөндеу жұмыстары (1,3 км), конкурстың қорытындысы 19 мамырдан бастап шағымдануда, шағымды қарау 2020 жылдың 9 маусымына дейін;
Егіндібұлақ ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары, конкурс 07.04.2020 ж жарияланды, өтінімдерді қабылдау аяқталды, 4 өтінім түсті ("Оңтүстік құрылыс компаниясы" ЖШС (Шымкент қ.), "EMAAR"ЖШС (Қарағанды қ.), "RAKADA GROUP" ЖШС (Қарағанды қ.), "КазНурСтрой" ЖШС (Қарағанды қ.). Байқау қорытындысы 29 мамырға дейін шығарылады.