Аудан әкімінің орынбасары Т.Көпжасаровтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру бойынша 2024 жылға скринингтік сауалнаманы толтыру бойынша жиын өтті.
Жиынға Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының микрокредит беру, өнірлерді дамыту және ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің басшысы Қ.Ахметов, осы бөлімнің бас маманы Н.Юсупова және бірқатар мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында облыстық басқармадан келген өкілдер «Ауыл Аманаты» жобасына қажетті скринингтік сауалнаманы толтырудың тәртіп-ережелерін түсіндіріп, жобаға қатысты ауыл әкімдерінің сұрақ-сауалдарына жауап берді.