
«Adal bol like» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында жастардың қатысуымен Қарқаралы қаласында баннерлер ілініп, парақшалар таратылды. Шараға жастар белсене атсалысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресудің мән-маңызы көрсетілген парақшаларды таратты.