
Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "ADAAL" азаматтық бастамалар орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қазан айының 30 жұлдызы аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында “Тұғыры биік елдің ертеңі” эссе жазу сайысы өткізіліп, жеңімпаздар 2023 жылдың қазан айының 31 жұлдызы күні марапатталды.
Жүлделі ІІІ орын Егіндібұлақ ауылы Темірғалиева Айым Берікққызы,
жүлделі ІІ орын Қарқаралы қаласы, М.Бәпиұлы атындағы ЖББ № 44 орта мектеп оқушысы Серік Жұлдыз, жүлделі І орын О.Ә.Жәутіков атындағы ЖББ № 1 қазақ орта мектеп оқушысы Тусупбаева Мадинаға тиесілі болды.
Қатысушылар арасында парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ойын жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Адал бол LIKE” марафоны барысында өтті.