
Жауап: "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес кезекке тұру ішін өтініш берудің екі түрі бар:
1) Қарқаралы ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі (ЦОН) арқылы (Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров көшесі, 21 ғимараты мекен-жайына барып өтініш беру);
2) Мемлекеттік қызметтердің электрондық үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) өтініш беруге болады.