
КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСТЫ
Жергілікті әкімдердің есеп беру кездесулері М.Мамыраев, Қырғыз, Қоянды ауылдық округтерінде жалғасын тапты.
Жиындарда әкімдердің есептері тыңдалып, осыған дейін туындаған мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.
Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді қозғап, сауалдары мен өтініштерін білдірді. Жол қатынасы мен көшелердегі қауіпсіздік, тазалық сақтау, медициналық қызмет, мал бағымын ұйымдастыру және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Есепті жиындар ұйымшылдықпен өтуде.