
Маусым айының 2-3 күндері Қасиетті Қарқаралы төрінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХХІҮ мәжілісі өтуде.
Бұл мәжіліске еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалық жасауда.
Мәжілісте қазірде қоғамымызды алаңдатып отырған бірнеше маңызды мәселелер талқылану үстінде. Ғұламалар салиқалы сұхбат құрып, ғибратты ойларын ортаға салуда.