
Жастар мүмкіндігін кеңейтпек
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және UNICEF еліміздегі жастар жобасын жүзеге асыруда күш біріктіріп, бірлесе әрекет етеді. Бағдарламаның бастамашылары: БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Samgau (Upshift) бағдарламасы жастардың әлеуметтік осал бөлігінің, соның ішінде NEET санатындағы жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қарқаралы ауданына «Samgau Upshift» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Александр Данилов, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов, Қазақстандағы ЮНИСЕФ төрағасының орынбасары Баззия-Вейл Летисия, ЮНИСЕФ-тің "Жасөспірімдер мен жастарды дамыту" бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Кәдірова, "Жастар қызметкерлері қоғамдастығының" президенті Нұрлыбай Наурызбаев, «Samgau» жобасының жетекшісі Тимур Ысқақов, «Samgau» жобасының үйлестірушісі Дәурен Рахымбек, ЖРО дамыту бойынша жоба жетекшісі Бағила Алимова, Қарағанды облысының жастар саясаты ісі жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов іс-сапармен арнайы келді.
Шараға Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы, Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Ильдебаев және Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының алғашқы директоры, қазіргі таңда Балқантау ауылдық округінің әкімі Аслан Рахимбергенов, Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Ерсайын Қобыланды қатысты. Кездесу барысында жастар ресурстық орталықтарының жастар үшін маңыздылығы туралы тақырыпта қызу талқылау болды.
Кездесу барысында қонақтар Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Осы орталық 2021 жылдан бері «Samgau Upshift» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл Қарағанды облысы бойынша аталмыш жобаны жүзеге асырып отырған жалғыз орталық.
«Samgau Upshift» жобасы аясында жеңімпаз атанған командалармен кездесіп сұқбат жүргізді. Атап өтейік қазіргі таңда ауданымызда 3 жоба жүзеге асырылуда. Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы жанынан ашылған фронт – офис, Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектеп-интернатында оқушыларға қосымша білім беру жобасы және Қарқаралы ауданына қарасты Балқантау ауылдық округінде балаларды өнерге баулу бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектеп-интернаты Samgau-ға 2021 жылдан бастап қатысады. Мектеп-интернаттың 25 оқушысы 2021 жылғы 26 сәуәр мен 5 мамыр аралығында өмірлік дағдыларды оқыту бағдарламасының 1-кезеңіне қатысты. Оның ішінде 10 жасөспірім келесі кезеңдерге қатысты. Бір команда шағын грант алды. Қазіргі уақытта интернатта тұратын кіші сынып оқушыларына көмек көрсету бойынша «ұзарту» жобасын жүргізуде.