Қарқаралы ауданының әкімі
Е.Б.Құсайынның баяндамасы
18.08.2022 жыл
Мәдениет үйі
Облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесу бойынша аудан тұрғындары тарапынан 59 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде: 21-і орындалды, 35–і орындалу барысында, 3–і орындалған жоқ.
Анықтама үшін:
Облыс әкімінің жеке қабылдауында 14 мәселе көтерілді. Оның ішінде: 13-і орындалды, 1–уі орындалған жоқ.
Әлеуметтік саланы дамыту жобаларын іске асыруға бағытталған «Алтай Полиметаллы» ЖШС-мен меморандум жасасу.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес, менің қатысуыммен аудан тұрғындарымен 26 кездесу өткізілді. Бұл кездесулер барысында барлығы 185 мәселе көтерілді.
Мәселелер негізінен тұрғын үй, жер мәселесі, сумен қамту, әлеуметтік сұрақтар бойынша көтерілді. Оларды шешу бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, нәтижесі бақылауға алынды.
Ербол Шымкентбайұлы, ауданның қазіргі жағдайы туралы қысқаша тоқталуға рұқсат етсеңіз.
Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша аудан экономикасының әр саласы бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жалпы экономиканың көлемі 73 142,5 млн. теңгеге орындалып, былтырғы жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 154,2%, ал 7 айдың жоспары 176,1%-ға орындалуы күтілуде.
- өнеркәсіп - 36 070,1 млн. теңге, жылдық жоспар бойынша 22 762 млн. теңге, НКИ – 153,3%;
- ауыл шаруашылығы – 22 057,7 млн. теңге, жылдық жоспар 53 360 млн. теңге, НКИ - 102,5%;
– құрылыс - 5 569,7 млн. теңге, жылдық жоспар 6 302,9 млн. теңге, НКИ – 296,3%;
– инвестициялар – 7 805,2 млн. теңге, жылдық жоспар бойынша 15 825 млн. теңге, НКИ – 109,1%;
– сауда – 1 639,7 млн. теңге, жылдық жоспар бойынша 3 300,0 млн. теңге, НКИ – 98,9%.
Жұмыспен қамту
Қазіргі таңда Қарқаралы ауданы бойынша жұмыссыздық деңгейі 2,9% болып отыр (облыс бойынша 4,5%).
Ағымдағы жылдың 1 тамызына жұмыс іздеп тіркелгендер – 559 адам (оның ішінде былтырғы жылдан жұмыссыздар есебінде тұрған 184 адам бар).
Есепті мерзімге «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жоба» аясында жұмыспен және жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 477 адам қамтылып отыр, жоспар – 954 адам, орындалысы – 50%:
- Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың жоспары - 19 адам. Орындалысы – 21 адам (мектептердің от жағушылары), (111%).
- Әлеуметтік жұмыс орындарының жоспары - 10 адам. Есепті мерзімге 10 адам жолданып отыр (100%).
- Жастар практикасының жоспары - 15 адам. Есепті мерзімге 15 адам жолданып отыр (100%).
- Қоғамдық жұмыстардың жоспары - 124 адам. Бүгінгі күнге 152 адам жолданып отыр (123%).
- «Бірінші жұмыс орын» жобасы бойынша жоспар - 4 адам. Орындалысы – 4 адам (100%).
- «Күміс жас» жобасымен 1 адам қамтылып тұр, жоспар – 11 адам, орындалысы 9%. Бағдарлама талаптарына сай қатысушы адам тапшылығына және жалпы бағдарламаны орындауда қиындықтар тууына байланысты жылдық жоспар толығымен орындалмау қауіпі бар.
- Уақытша, маусымдық және тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 274 адам.
«Ауыл - ел бесігі» жобасы
Жалпы Қарқаралы ауданының құрамына 62 елді мекен, оның ішінде 23 ауылдық округ, 1 кент және 1 қала кіреді.
«Ауыл - ел бесігі» жобасына ауданның 4 тірек (Қарағайлы кенті, Бүркітті, Егіндібұлақ, Көктас ауылдары) және 5 спутниктік (Борлыбұлақ, Жарлы, Қарыншы, Жәнібек ауылдары және Бүркітті станциясы) ауылдық елді мекендері кіріп отыр.
Былтырғы жылы осы жоба шеңберінде біршама жұмыстар атқарылды (Қарағайлы кенті № 16 орта мектепті күрделі жөндеу, Егіндібұлақ ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеу, 10,3 км, Борлыбұлақ ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу, 2 км).
2021 жылы басталған Егіндібұлақтағы 100 орындық дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысы биылғы жылы қазан айында қолданысқа беріледі.
Анықтама: 2022 жылы 523 964,0 мың теңге бөлінді:
- Ұлттық қор - 183 697,0 мың теңге,
- облыстық бюджет – 299 366,0 мың теңге
- аудандық бюджет – 40 901,0 мың теңге.
А.ж. 1 тамыздағы жағдайға 219 500,0 мың теңге игерілді, оның ішінде 200,0 млн. теңгесі – ОБ, 19 500,0 мың теңгесі – аудандық бюджет.
Ауданның елді мекендерін кешенді дамыту мақсатында облыстық экономика басқармасымен және Ұлттық экономика министрлігімен «Ауыл – ел бесігі» жобасына қосымша ауылдарды қосу бойынша жұмыстар қолға алынуда.
Тірек ауылдық елді мекендерге – Бесоба, Талды (Қ.Аманжолов а/о) ауылдарын және спутниктік ауылдық елді мекендерге Бақты, Аппаз, Тегісшілдік, Жарлы (Н.Әбдіров а/о) ауылдарын қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелі болып, оң шешім қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймын.
Осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру мақсатында, Қарағайлы кенті, Көктас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына, Н.Әбдіров а/о Жарлы ауылында және Қырғыз а/о Бүркітті ауылында спорт кешені құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс рәсімдері өткізілуде.
Бүркітті және Жарлы ауылдарында спорт кешенінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу осы жылы аяқталады, 2023 жылы Қарағайлы кенті, Көктас және Ақжол ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ЖСҚ дайын болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі сұрақтар – баспана мен инженерлік инфрақұрылым жүйелері.
Жалпы аудан бойынша тұрғын үй алуға кезекте 526 адам тұр. Оның ішінде 74 жетім, 54 көпбалалы ана, әлеуметтік осал топтағы 220 адам, 172 мемлекеттік қызметкер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері және үйлері апатты деп танылған 6 адам.
Өкінішке орай, биылғы жылы пайдалануға тұрғын үй берілмейді.
Дегенмен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы Қарқаралы қаласында екі 18-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасын тауып, келесі жылы 36 пәтерді пайдалануға беру жоспарда.
Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында екі 18-пәтерлі (Т.Әубәкіров 132 (301,4 млн. теңге), 134 (301,6 млн. теңге)), екі 4-пәтерлі (Ә.Бөкейханов көшесі бойынша 46Б (297,9 млн.теңге)) және екі 36-пәтерлі (В.Рей көшесі, (1 231,9 млн.теңге)) үйлердің құрылысы бойынша құжаттар дайындалды. Осы жобаларды 2023 жылға енгізу бойынша жұмыс атқарылуда (жалпы сомасы 2,1 млрд.теңге).
Сонымен қоса, шығыс аумақтағы тұрғын үйлерге электр жүйесінің құрылысы биылғы жылы аяқталатын болады.
Бұдан басқа, Қарағайлы кентінде аппаттық деп танылған 21 көп қабатты тұрғын үй бар.
Анықтама ретінде:
2021 жылы ЖСҚ сәйкес 836,4 млн.теңге қажет:
- 3 қабатты 9 үйді демонтаж жасауға 207,1 млн.теңге;
- 5 қабатты 12 үйді демонтаж жасауға 629,3 млн.теңге.
Осы апатты үйлерді бұзуға биылғы жылы 55,0 млн.теңге қаражат көздері қарастырылды (Мердігер «Балхаш ЖібекЖолы» ЖШС). Бөлінген қаражат осы жылы тек 3 үйді демонтаж жасауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар келесі жылы жалғасын табатын болады.
Су және кәріз жүйелерін дамыту
Аудан бойынша су жүйелерінің жалпы ұзындығы 215 шақырым және кәріз жүйелерінің ұзындығы 14,5 шақырым.
Бүгінгі күні ауданды орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 89% құрайды (қала – 100%).
Аудан аумағында елді-мекендердің су жүйесін қалыпта ұстау, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін «Қарқаралы Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны жұмыс жасап, 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Анықтама: Ағымдағы жылы 35 млн.теңгеге су тасымалдаушы арнайы техника алынды. Сондай-ақ УАЗ және Нива автокөліктерін алуға 15,9 млн.теңге қаражат қарастырылып, конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемде болып жатқан саяси келеңсіздіктерге байланысты, автокөлік алу қиындап тұр.
Қарағайлы кенті, Егіндібұлақ, Тегісшілдік, Қ.Аманжолов, Сарыобалы ауылдарының су жүйесі кәсіпорын қарамағында. Жоспарда 5 ауылдық округ жүйелерін өткізу (Н. Нұрмақов, Балқантау, М.Мамыраев, Томар, Н.Әбдіров, Қаракөл).
Сонымен қоса, өзіңізге белгілі, биылғы жылы «Жарлы-Қарқаралы» топтық су жүйесінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі күні 38,2 шақырым су жүйесінің 17 шақырымы қазылды, 6 шақырым су құбырлары орнатылды. Ағымдағы жылы 1,8 млрд.теңге қарастырылған, оның 716,7 млн.теңгесі игерілді. Жыл аяғына дейін қаражат толығымен игеріліп, 35 шақырым су жүйесін тарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Жобалау-сметалық құжаттарға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бұл жұмыстарды толығымен аяқтау үшін 2023 жылғы республикалық бюджет есебінен барлығы 1,2 млрд. теңге қажет.
Аталған жобаның іске асырылуын ескере отырып, аудан орталығындағы су және кәріз жүйелерін жөндеу, апаттық жағдайларды жоюға жергілікті бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді (58 млн.тенге – кәріз жүйесі, 42 млн.тенге – су құбырлары).
Құрметті Ербол Шымкентбайұлы!
Биылғы жылы Ұлттық қордан және республикалық, облыстық бюджеттен ауылдық елді мекендерді су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етуге 1 637,5 млн.теңге бөлінді. Іске асырылып жатқан жобалар слайдта көрсетіліп тұр.
- 700,0 млн. теңге - Қарағайлы кентінің ауыз су құбырының құрылысы (жалпы жобаның құны – 1 468,3 млн. теңге, 52,6 шқ, жұмыстары 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Орындалғаны – 7,3 шқ, игерілген қаржы – 201,8 млн.теңге);
- 50,0 млн. теңге - Қарағайлы кентінің кәріз жүйесінің құрылысына (жалпы сомасы – 1 693,4 млн.теңге, 38,1 шқ, құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарланған. Орындалғаны – 3 шқ, игерілген қаржы – 14,3 млн.теңге);
- 794 330,0 мың теңге - Бүркітті ауылының су құбырын салуға (жалпы сомасы - 945,9 млн. теңге, 12,2 шқ, жұмыстар 2023 жылы аяқталады. Орындалғаны – 9 шқ, игерілген қаржы – 228,8 млн.теңге);
- 100,0 млн. теңге - Теректі ауылының ауыз су құбырын салуға (жалпы сомасы - 202,3 млн. теңге, 7 шқ, жұмыстар 2023 жылы аяқталады);
- 93,2 млн. теңге - Аппаз ауылының су құбыры желілерін қайта қалпына келтіруге (игерілген қаржы – 14,6 млн.теңге, 13,2 шқ, жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған).
Осы жұмыстар нәтижесінде ауданды орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткішін 91% жеткізу көзделіп отыр.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында: Томар (310,4 млн. теңге, 6,9 шқ) және Матақ (370,3 млн. теңге, 11,1 шқ) ауылдарының су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша құжаттар әзірленді. Қажетті сомасы 680,7 млн. теңгені құрайды. Осы жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Осындай үрдіспен келесі жылы Темірші және Айнабұлақ (Абай а/о) ауылдарында су құбыры желілерін реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлейтін боламыз.
Жылумен қамтамасыз ету жүйелері
Аудан бойынша жылу жүйелерінің ұзындығы 7,6 шақырымды құрайды.
Жалпы аудан бойынша 44 көпқабатты тұрғын үй мен 146 әлеуметтік нысан 6 шағын қазандық пен 77 автономды жылыту жүйесі арқылы жылу алады.
Анықтама: Әлеуметтік нысандар – 146:
Білім беру нысандары – 43
Мәдениет нысандары – 49
Денсаулық сақтау нысандары – 27
Спорт нысаны – 3
Басқа нысандар - 24
Ауданда бюджеттік мекемелерді көмірмен қамтамасыз ету мақсатында осы жылғы жылу маусымында 18 630 тонна көмір сатып алуға келісім-шарт жасалды, дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде және 70% құрайды.
Анықтама: Білім беру нысандары – 11 700
Мәдениет нысандары – 3 235
Денсаулық сақтау нысандары – 2 380
Спорт нысаны – 620
Басқа нысандар – 695
Білім беру бөлімі бойынша жеткізуші «SaBaDil» ЖШС.
Қазіргі уақытта 6700 тонна жеткізілді. Жұмыстар жалғасуда.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша жеткізуші «Asia Trading Kazakhstan» ЖШС. Қазіргі уақытта 600 тонна көмір жеткізілді.
Мәдениет нысандарына көмір жеткізуші Байжуманов Нурлан Сагатайулы анықталды.
Автомобиль жолдарын дамыту
Қарқаралы ауданының автомобиль жолдары 1 167 шақырым құрайды, оның ішінде: 192 шқ – республикалық, 329 шқ – облыстық, 646,4 шқ – аудандық маңызы бар жолдар.
Республикалық маңызы бар жолдар
Ағымдағы жылы Қарағандыдан Қарқаралыға апарар республикалық маңызы бар жолдың 197–207 шақырым учаскесіндегі 10 шақырым жолды жөндеу басталды (602,9 млн. теңге). Келер жылы Матақ ауылына дейін қалған 74 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Облыстық маңызы бар жолдар
Өзіңіздің қолдауыңызбен облыстық маңызы бар жолдарды дамыту мәселесі де қалыс қалмауда. Атап айтқанда, қазіргі таңда Ақжол ауылы мен Қоянды ауылы арасында 24 шқ жолға (1 003,7 млн. тенге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Мердігер: «Ұлар МК»). Қазіргі кезде 14 шақырым қиыршық тас, 2 шақырым асфальт төселді.
Аудандық маңызы бар жолдар
Аудандық маңызы бар жолдар арасында биылғы жылы Қарабұлақ ауылына кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Анықтама:
Жалпы сомасы 326 089,5 мың теңге.
Бөлінгені – 55,0 млн. теңге (5,0 - ЖБ, 50,0 - ОБ).
Мердігер «BAKZHOL NS» ЖШС. Қажеттілік 2023 жылға - 271 089,5 мың теңге.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар «Егіндібұлақ-Ақтасты-Айрық» жолын жөндеуге Ұлттық қордан 319,2 млн.теңге бөлінген (Жоба құны - 844 543,9 мың теңге). Қазіргі уақытта өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілі арқылы шақыру жолданып, мердігер болып «Арм строй» ЖШС анықталды. Ағымдағы жылға жоспарланған қаражат толығымен игеріледі.
Ағымдағы жылы «Жосалы» санаториясына апаратын аудандық маңызы бар жолдағы және Қаракөл ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолында орналасқан су өткізгіш құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Ауданымыздың жалпы аумағын ескере келе, негізінде барлық бағыттағы жолдарға жөндеу (күрделі, орташа) жұмыстарын жүргізуді қажет етуде. Слайдта ең проблемалық жол учаскелерін көрсетіп отырмыз. Бүгінгі күнге қаржыландыруға дайын 2 бағыттағы жолдардың жобасы дайын, олар:
Сонымен қоса, «Қ.Аманжолов-Сарыобалы-Ақбай-Қызылбай-Белдеутас» 0-32 шқ бағытындағы жолға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде.
Сонымен қатар, келесі жолдарға да жөндеу жұмыстарын жүргізу керек:
Республикалық маңызы бар жолдар
Облыстық маңызы бар жолдар
Аудандық маңызы бар жолдар
Аталған жобаларға қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Интернетпен қамту
Қарқаралы ауданының 14 елді-мекені талшықты-оптикалық байланыс жүйесіне қосылған (Қарағайлы, Егіндібұлақ, Жарлы, Аппаз, Бүркітті, Бақты, Қарабұлақ, Қаракөл, Ынталы, Көктас, Ақжол, Тегісшілдік, Матақ, Теректі).
9 ауылдық елді мекенде 3G/4G дәрежелі мобилді интернет жұмыс жасап тұр (Айрық, Актасты, Абыз, Қызылту, Ақшоқы, Жаңатоған, Борлыбұлақ, Жарлы, Қарағаш).
11 ауылдық елді мекенде 2G дәрежелі мобильді интернет жұмыс жасап тұр (Айнабұлақ, Ақбай-Қызылбай, Талды, Сарыобалы, Айнабұлақ, Бесоба, Қоянды, Жаңанегіз, Татан, Томар, разъезд №6).
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 27 және 31-баптарына (Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің құзыреті) өзгерістер енгізілді. Заңға тәуелді актілер бекітілгеннен кейін, осы Заң аясында қалған 27 елді мекендерде интернет өткізу бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады (Мыржық, Едрей, Аққора, Белдеутас, Шілдебай, Шолаққайың, Қарашоқы, Жекежал, Ежебай, Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз, Жаңа жол, Саумалкөл, Жанібек, Кент, ст. Бүркітті, Атантай, Өсібай, Бастал, Көлбасы, Қарынши, Айнабұлақ, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Ақтерек).
Ауданның басты саласының бірі - Ауылшаруашылық саласы екені белгілі. Осы салада 7 айда жалпы өндірілген өнімнің көлемі 22,1 млрд. теңгені құрады (2021 жылдың 7 айы – 19,3 млрд. теңге). Нақты көлемінің индексі 102,5% жетті. Ауданда барлығы 808 шаруа қожалығы, 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды.
Мал шаруашылығында мал басы мен өндірілген өнімнің ұлғайғандығы байқалады.
ірі қара – 118,3 мың басқа (былтырғы жылмен салыстырғанда 105,4%), қой – ешкі 181,7 мың басқа (106,5%), жылқы 87,3 мың басқа (112,3 %), құс 58,9 мың басқа (89,2 %) жетті. Сонымен қоса ет (тірі салмақта) – 9,4 мың тонна, сүт – 37,0 мың литр, 5,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Техникалық паркті жаңарту мақсатында жұмыстары да жолға қойылған.
Биылғы жылы жаңадан 1 егін себетін кешен, 2 фронтальды тиегіш, 23 дана трактор, 38 дана ауыл шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар алынып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен техника паркін жаңартуда жұмыстар жалғасуда.
Биылғы жылы егістікті 50 мың га жерге дәнді-дақыл себу жоспарланған болатын. Өздеріңізге белгілі ауа-райының қолайсыздығына және құрғақшылыққа байланысты 40 мың гектар көлемінде дәнді-дақыл себілді.
Оның ішінде 30,5 мың гектарға бидай, 8,5 мың гектар арпа, 1,0 мың гектарға сұлы егілді. Ендігі міндет - осы себілген егістікті шашау шығармай, уақытында орып қамбаға құйып алу.
Ауданымыз бойынша қыстамаға түсетін мал басына сәйкес 293,7 мың тонна мал азығын дайындау міндеті тұр. Биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығына, құрғақшылыққа байланысты мал азығы ерте дайындалып, тасылуда.
Биылғы жылғы құрғақшылыққа байланысты Қарқаралы мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі мен Қу орман шаруашылығы аумағынан мал азығын дайындауға барынша көмек көрсету жөнінде келісім жүргізілді. Жергілікті жерлерде ауыл әкімдері қоғамдастық мүшелерімен кеңесіп, ауыл тұрғындарына қажетті шөптің бағасын келісу бойынша шаруашылық құрылымдарымен меморандумға отыру тапсырылды. 93 меморандум жасалып, қол қойылды.
Ербол Шымкентбайұлы, биылғы жылғы құрғақшылыққа байланысты аналық мал басының азығына кеткен шығындар құнын арзандатуға субсидияның берілуі аудан тауар өндірушілеріне үлкен көмек болғанын айтуымыз керек. Ол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ауданда субсидия критерилеріне сәйкес келетін 209 шаруашылық құрылымдарында 8010 бас аналық бар. Бүгінгі күнге 40 шаруашылық мал азығына 33,0 млн. теңге субсидия алуға сұраныс берген.
Аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға берілетін субсидия өлшемшарттары:
20 бастан кем емес 150 бастан аспайтын аналық ІҚМ болуы;
Аналық мал басының жасы 18 айдан бастап, бірақ 120 айдан аспауы;
1000 гектардан аспайтын егіс алқаптарында жем – шөп дақылдарының болуы.
Сонымен бірге, осы жылы 2 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Угар ауылдық округіндегі «Ақбұлақ-Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі сүт өңдейтін цехті іске қосуды Сланбеков Ардақ, Тәттімбет ауылдық округіндегі «Арқалық» ауыл шаруашылық кооперативі 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтап, ет өңдейтін цех ашумен Мырзамбеков Арман шұғылдануда.
Алдағы жылы тағы 2 жоба бар. Оның ішінде «Ынта» шаруа қожалығының «1000 басқа арналған бордақылау алаңын ашу» және «Атамұра Табыс» ЖШС-нің «500 басқа арналған репродуктор шаруашылығын ашу» жобалары.
Әрине, аудан бойынша жобаларды іске асыруға потенциал жоғары. Мал бордақылау алаңдарын салу, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар құру, ет өнімдерін өңдеу цехтарын ашу күн тәртібіндегі өзекті мәселе бола бермек.
Қазақстан Фермерлер Одағымен тығыз жұмыс жасаудамыз. Одақ өкілдері аудан шаруашылықтарымен 2 рет кездесіп, пікір алмасып қайтты. Келешекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мамандарымен жұмыс жасау жоспарымызда бар, басшыларымен келісіп отырмыз.
Жер мәселесі – өзекті мәселенің бірі. Жалпы Қарқаралы ауданының жер көлемі – 3 547 236 гектарды құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1 902 683 гектар, егістік жерлер – 111 633 га, шабындық жерлер – 20 980 га, жайылымдық жерлер – 1 711 787 га.
Аудандық прокуратурамен бірлесіп Мемлекет Басшысының ауыл шаруашылық және жер мәселелеріне қатысты тапсырмасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жоспар бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылдың жарты жылдығында 3 конкурс өткізіліп, 30 жер учаскелері жалпы көлемі 33564,0 га жер берілді. Жаңадан 13 шаруа қожалық ашылды, 17 шаруашылықтарға қосымша жер берілді.
2022 жылы жерлерін игермей отырған 86 (оның ішінде 38 ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің егістігі - 22,2 мың га; 48 ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің жайылымдығы – 197,7 мың га) ауыл тауар өндірушілері бойынша шара қолдану үшін бүгінгі күнде Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Қарағанды облысы жер ресурстар департаментіне хат жолданды.
Бүгінгі күнде 10 шаруа қожалығының 10,5 мың га жерлері (оның ішінде егістігі 3,0 мың га) мемлекеттік қорға қайтарылды. Оның ішінде 8 ШҚ өз еркімен, 2 ШҚ сот арқылы қайтарды.
Анықтама:
Өз еркімен 6,4 мың гектар жерді қайтарған: «Нұр» ШҚ - Сагымбаев Е.; «Мейржан» ШҚ – Е.Карамурзин; «Ильяс» ШҚ – Т.Қонысбеков; «Құрмет» ШҚ – К.Мазин; «Батырбеков Н.Г.» ШҚ – Н.Батырбеков; «Олжа» ШҚ - В.Мукашева; «Гулден» ШҚ – М.Оразалиев; «Аппаз» ШҚ – Ж.Алин.
Сот арқылы қайтарғандар: «Асыл» ШҚ – Т.Утегенов; «Батыр» ШҚ – Станценко, жалпы көлемі – 4,1 мың гектар.
Жыл соңына дейін мемлекеттік қорға игерілмей жатқан 24,0 мың гектар жер қайтару бойынша жоспарымыз бар.
Қарқаралы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» заңына сәйкес жалпы көлемі 182988 га жерлер 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарына енгізіліп аудандық маслихат сессиясында бекітілді.
Анықтама үшін: Абай а/о – 15000,0 га; Мамыраев а/о – 3555,0 га; Аманжолов а/о -10500 га; Тәттімбет а/о – 10000 га; Бақты а/о – 7090 га; Балқантау а/о – 4072 Бесоба а/о – 7700 га, Жаңатоған а/о – 14000 га; Н. Әбдіров а/о – 5026 га; Ынталы а/о – 5400 га; Қайнарбұлақ а/о - 6913 га; Қаракөл а/о – 5500 га; Қаршығалы а/о – 600,0 га; Қырғыз а/о – 12305 га; Қоянды а/о-5700 га; Мәди а/о -22600 га; Нұрмақов а/о – 9327 га; Тегісшілдік а/о – 11000 га; Темірші а/о – 13460 га; Томар а/о- 7250 га; Шарықты а/о – 3400 га; Угар а/о – 2590 га.
Өнеркәсіп саласы
Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 36,1 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 2 есе ұлғайды.
Ауданда өнеркәсіп өнімін тау кен саласындағы «Өркен-Кентөбе», «Қазақмыс Корпорациясы», «Алтай Полиметаллы» сияқты ірі кәсіпорындар өндіріп отыр. Аталған кәсіпорындарда өндірістік процестер тұрақты іске асуда. Жұмыскерлердің еңбекақысы уақытында төленіп отыр.
Анықтама үшін: «Алтай Полиметаллы» кәсіпорынында жыл басынан бері қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мәселесі күн тәртібінде өткір тұрған болатын, жұмыскерлердің мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымы құрылмаған еді.
Жыл басынан бері осы мәселе бойынша бірнеше кездесулер өткізілді, үш жақты комиссия отырысында қаралды, нәтижесі бойынша кәсіподақ ұйымы құрылып, тіркеуден өтті.
Осы уақытқа дейін ұжымдық шарт жасалуда.
Ауданымызда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,8 млрд. теңгеге жетті. Өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда бұл 113,8% құрады.
Инвестиция тартудың оң динамикасы - ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобалардың нәтижесі. Атап айтқанда, «Алайғыр» кен орнында полиметалдық кендерді өндіру және қайта өндеу және «Қамқор» кен орнында мыс өндіру жобалары.
Анықтама:
- «Алайғыр». Жалпы құны – 64,2 млрд.теңге, 550 жұмыс орын. 2023 жылы іске қосу жоспарланған. Өндірістік қуаты - жылына 60 мың тонна қорғасын концентратын шығару. Кен байыту комбинатын, вахталық кент, өнеркәсіптік алаң объектілерін (инженерлік желілер) және қалдық қоймасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- «Қамқор Сары-Арқа». Жоба құны - 8,2 млрд.теңге. 300 жұмыс орын. 2023 жылы іске қосу жоспарланған. Өндірістік қуаты - жылына 2,0 млн. тоннаға дейін мыс кенін, концентрат өндірісі - 128,0 мың тоннаға дейін. Фабрика құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Сол сияқты алдағы жылы Томар ауылдық округінде «Прогресс» кен орнында («Тау кен Прогресс» ЖШС, алтын өндіру), Темірші ауылдық округінде «Төрткөл» кен орнында («КазТитанМинералс» ЖШС, темір кендері) инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы көзделіп отыр.
Шағын және орта бизнесті қолдау
Аудан экономикасының дамуына шағын кәсіпкерлік те өз үлесін қосып келеді.
Жылдан жылға субъектілердің саны ұлғайып, жаңа нысандар ашылуда. Бүгінгі күні аудандағы 3,0 мыңнан астам шағын бизнес субъектілерінде 3,5 мың адам жұмыс жасайды (биылғы жылдың жарты жылында 116 жаңа субъект қосылды).
Қарқаралы ауданында биылғы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» (2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба) мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 кәсіпкер 23,8 млн. теңгеге несиелендірілген және 3 жоба (30,5 млн. теңге) кепілдендіру арқылы қаржыландырылып отыр.
Сонымен қатар жастарға арналған аудан әкімінің гранты бойынша конкурсы ұйымдастырылып, 13 жас кәсіпкер грант иегері болып отыр. Оған аудандық бюджеттен 8,0 млн. теңге қаржы бөлінген.
Бүгінгі күнге туризм саласын дамытуда ауданның әлеуеті өте зор.
Қазіргі таңда қала маңында келген қонақтарға арналған жалпы 3,0 мыңға жуық адамды қабылдауға қабілеті бар 35 демалыс орындары мен қонақ үйлері қызмет көрсетуде. Бұл нысандарда жалпы 200-ден астам адам жұмыс жасайды. Жыл сайын нысандардың саны ұлғайып келеді.
Қала маңында этно-фестиваль, жәрмеңке өткізу алаңын құру жұмыстары басталып, туризмды дамытуда әлеуеті бар учаскелерде жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Туризмді дамыту жобасы аясында сауықтыру кешендерін, қонақ үй және мейрамханаларды салу үшін жаңа жер учаскелеріне электр, су және кәріз су жүйелерін тартуды қолға алудамыз.
Мемлекеттік ұлттық парк аумағында реттелетін туризмді дамыту мақсатында ұзақ мерзімді 4 жер учаскесі (9,44 га) және қысқа мерзімді 9 жер учаскесі (бөлінетін учаскелер – 13 келісім шарт жасалды (10,62 га)) кәсіпкерлердің пайдалануына беріліп, туризм нысандары ашылып, қызмет көрсетуде.
Осы бағыттағы жұмыстарды кешенді дамыту үшін Ұлттық парктің бас жоспары әзірленіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде экологиялық сараптамадан өтуде. Жаңа жоспарға қосымша жалпы көлемі 56,15 га құрайтын 50 учаске қосылды:
Ауданымыздың экономикасын әртараптандыру мақсатында осы саланы дамыту басты бір бағытқа айналып, алдағы уақытта жаңа туристік бағыттар жасалып, тиісті инфрақұрылым тартылады.
Әлеуметтік саланы дамыту
Білім беру саласы
Қарқаралы ауданы бойынша 47 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Олардың 39 мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы, 4 балабақша бар.
1 қыркүйектен бастап мектептерде 5 640 оқушы оқитын болады, оның ішінде 540 – бірінші сыныпқа алғаш қабылданатын балалар.
Мектептердегі оқу процесінде пайдаланылатын компьютерлік техника саны – 2 348 бірлік, көрсеткіш: 1 компьютерге 3 оқушыны құрайды.
Жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету – 75% құрайды.
Биылғы жылы 3 мектепті жөндеуге 268 млн.теңге бөлінді:
- Қарқаралы қаласының №44 орта мектебінің жанындағы интернат ғимаратын жөндеу («Градстройсервис» ЖШС, 181,2 млн.теңге);
- Теректі ауылындағы №30 орта мектепті ағымдағы жөндеу («Мираж» ЖШС, 50,0 млн.теңге);
- Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектепті ағымдағы жөндеу («Стройгрант сервис» ЖШС, 18,5 млн.теңге).
Сонымен қатар, Қасым Аманжолов ауылдық округіндегі № 19 орта мектебі 2021 жылы мектеп ғимараты апатты деп танылып, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа 200-орындық мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба құны – 1 млрд.теңге. Биыл құрылысты бастауға облыстық бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, ауданда 10 мектепке ағымдағы және 3 мектепке күрделі жөндеуге 2023 жылы қаражат бөлуге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Анықтама:
Мәдениет және спорт саласы
Қарқаралы ауданы бойынша 68 мәдениет ұйымы жұмыс жасайды – 37 кітапхана, 28 клуб, 3 мәдени-сауық орталығы бар. Жыл сайын мәдениет саласына қаражат бөліну динамикасы қарқынды өсіп келеді (65 %).
Биылғы жылы Абыз, Айнабұлақ, Қызылту клубтарына және Қарқаралы орталық кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қоса 10 ауылдық клубтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Материалдық-техникалық базалары нығайтылды (кітапхана мен ФОК-қа 2 микроавтобус – 40,0 млн. теңге, Көктас ауыл клубына театр креслоларын алуға – 8,0 млн. теңге, кітапханаға жиһаз сатып алуға - 15,5 млн. теңге, кітапхана қорын толықтыруға – 16,4 млн. теңге ).
Жыл аяғына дейін бірнеше ауылдарда 9 спорт және 13 балалар ойын алаңы орнатылады.
Сондай-ақ, аудан бойынша 4 орталық саябаққа (Қарқаралы, Қарағайлы-2, Теректі) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен бірге, алдымыздағы жылы Қарқаралы қаласында орталық стадион (356,8 млн. теңге) құрылысын бастау жоспарымызда бар.
Денсаулық сақтау саласында жалпы 49 мекеме қызмет көрсетуде – 1 орталық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 7 ФАП, 29 медициналық пункті.
Аталмыш саланың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, әлемдік сұранысқа жауап беретін медициналық құрал-жабдықтармен толықтыру жұмыстары жалғастырылуда.
Атап айтсақ, аудандық орталық аурухана жылжымалы дәріхана автокөлігімен, цифрлі рентген аппаратымен, заманауи видеогастроэндоскоп аппаратымен толықты. Сонымен бірге, былтырғы жылы аудандық орталық аурухана жанынан гемодиализ орталығы ашылды.
Қыркүйек айына дейін орталық ауруханада Олимп клиникалық - диагностикалық зертханасы ашылып, заманауи компьютерлік томографиялық аппарат орнатылады.
Ербол Шымкентбайұлы!
Сонымен қатар, Егіндібұлақ, Бақты, Тәттімбет, Томар, Қ.Аманжолов, Тегісшілдік ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория, Мартбек Мамыраев, Темірші ауылдық округтерінде фельдшерлік пункттерді 2023-2025 жылдары салу жоспарланып отыр. Аталған денсаулық нысандарына қаражат бөлуге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті, Тәттімбет, Бақты, Темірші, Нұркен Әбдіров, Егіндібұлақ, Мартбек Мамыраев, Қоянды ауылдық округтеріне жедел жәрдем көлігі қажет.
Қарқаралы қаласы – 200 жылдық тарихы бар аудан орталығы болып табылады. Осы орталықта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсем.
Өзіңізге белгілі Қарқаралыны толық тоқтаусыз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу мақсатында «Жарлы – Қарқаралы» топтық су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр.
Ауыз су проблемасымен қатар кәріз жүйесінің мәселесі де назарымызда. Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі арқылы кәріз үймеретінің құрылысы бойынша 10 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар атқарылуда. «НПК Проект» ұйымы осы жұмыстар шеңберінде геологиялық және топосъемка жұмыстарын жүргізді.
Келер 2022-2023 жылғы жылыту маусымын тұрақты өткізу мақсатында Қарқаралыдағы 6 орталықтандырылған қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды, электр желілері қалыпқа келтірілді. Қазандықтардың жылу қуатын арттыру мақсатында қосымша 2,5 МВттық пештер орнату бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Бүгінгі күні қаланың 85% жарықтандырылған, күтіп ұстау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бірақ көшелердегі жарық шамдардың тозығы жетіп тұр. Қазіргі кезде ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр, әлі де қаланы толық жарықтандыру мәселесі өзекті. Осы орайда жарықтандырылмаған көшелерге жарық шам бағандарын орнату, тозығы жеткен шамдарды ауыстыру жұмыстарын қаржыландыру қарастырылады.
Қарқаралы қаласының ішкі жолдары 44 930 метрді құрайды, соның ішінде асфальтталғаны 25 815 метр, қара жол 19 115 метр. Ішкі жолдың сапасын арттыру мақсатында және тұрғындардың облыс әкімі алдындағы өтінішін қарау қорытындысы ретінде Сатыбалдин көшесінің 1,2 км грейдерлеу жұмысы атқарылуда. Бұл жұмысты қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні аудан орталығы Қарқаралы қаласын жаңартып, көркейту мақсатында 2 орталық көшені толығымен қайта қалпына келтіру (Т.Әубәкіров, Ә.Бөкейханов көшелері), қалалық су қоймасын абаттандыру (плотина), көпқабатты үй аулаларын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жасау көзделіп отыр. Осы жобаларды 2023 жылы қаржыландыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.
Жоғарыда аталғандай, биылғы жылы Сіздің тікелей қолдауыңызбен республикалық, облыстық бюджеттерден бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады.
Осы жобаларды сапалы әрі мерзімінде орындау үшін, бар біліміміз бен күш-жігерімізді салатын боламыз.
Баяндама аяқталды.
Назарыңызға рахмет!