Меню

Страницы

Статья

Қаржы пирамидалары бойынша ақпараттық хабар

Бүгінгі күні алаяқтар және қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар  азаматтардан ақша алудың барынша өткір схемаларын жасауда.

Мұндай түрлерге мынадай қаржы пирамидалары жатады:

  1. Ұзақ мерзімді жобаларға инвестициялау. Осы процеске сәйкес компания (компаниялар тобы) азаматтарды инвестициялық жобаларға тарту бойынша қызметті жүзеге асырады. Осы бағдарламалардың негізгі белгілері 3 айдан 120 айға дейінгі кезеңге (орташа алғанда 2-5 жыл) тұрақты түрде ақша салу, кіріске кепілдік беру (уәде беру), сондай-ақ туристік жолдамалар және ойындар түрінде бонустар болып табылады.

Қатысушы 3-4 жыл бойы ай сайын/тоқсан сайын ақша салады, осы арқылы компанияның басқа қатысушылардың алдындағы міндеттемелерін төлейді. 

  1. Қысқа мерзімді жобаларға инвестициялау. Пирамиданың бұл түрі халықтан қысқа кезеңде (ең аз жарнамен адамдардың көп саны) ақшаны тез жинауға бағытталған. Әлеуметтік желілерде кейіннен онлайн чаттарға, топтарға және арналарға шақыра отырып, жалпы жарнама жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қосылу үшін  жоғары кірістілікке (100%) уәде ете отырып, төлем жасау (500 теңге және одан жоғары) және басқа қатысушыларды тарту (адам көп болған сайын ақша табу мүмкіндігі де көп) қажет.

 

1-мысал. 5 000 теңге салып, қосымша 3 қатысушыны шақырғанда 15 000 теңге (оның ішінде 5 000 теңге салынған сома, 10 000 теңге қалған 2 қатысушының салымы, үшінші қатысушының 5 000 теңгесі ұйымдастырушыларға түседі) алады.

2-мысал. Қатысушыға 1 000 теңге салу және басқа қатысушыларды шақыру талап етіледі. Әрбір шақырылған қатысушыдан қатысушыға 500 теңгеден төленеді.

3-мысал. 30%-дан 70%-ға дейін уәде ете отырып, Қатысушы 5 күн және одан астам мерзімге 20 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін салады.

Сонымен қатар кейде шақырулар, сертификаттар сатып алу түрінде  жасырын компанияларды пайдаланатын жағдайлар және т.б. болады.

  1. Желілік маркетингті заңсыз қызметті жабу ретінде пайдаланатын қаржы пирамидалары.

Желілік маркетингтің жұмыс қағидалары өнімді сатудан пайда алуға және «сатудан» пайда алуға негізделеді. Қаржы пирамидасының осы түрінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаты қатысушыларды тарту болып табылады.

Бұл мақсат үшін сертификаттар, зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтімі бойынша тауарлар пайдаланылады.

  1. Жылжымайтын мүлікті, автомобильді және басқа да қымбат мүлікті сатып алуға ақша жинақтауға көмек көрсететін компаниялар. Жинақтау бағдарламасына жарна жинақтау сомасымен арақатынас бойынша көп емес. Мысалы, қатысушы 6 ай мерзімге 800$ салады, ол аяқталған соң 19200$ (2400%) мөлшерінде сыйақы алады. Сыйақы сомасына қатысушылар саны және олардың салымдарының сомасы әсер етуі мүмкін.

200% және одан жоғары мөлшерде сыйақы төлеуді көздейтін бағдарламалар бар, бұл ретте, негізгі талап қатысушы құқықты береді және (немесе) кепілге мүлікті қалдырады.

  1. Эксклюзивтік клубқа мүшелік.

Клубтар круиздар, жолдамалар, саяхаттар, бизнес жасауды және жылжытуды үйретуді, маркетингті, инвестицияларды, копирайтингті, сондай-ақ хиромантияны, астрономияны үйретуді, жандағы теңгерімді жақсатуды, психологияны, нумерологияны, символдарды, магияны және т.б. ұсынады.    

Қатысушыға басқа қатысушыларды тартуға және (немесе)  бағдарламаларға байланысты (1-3 жылдан 5-10 жылға дейін) белгіленген мерзім ішінде кіру жарнасын салуға тиіс.

  1. Бинарлық опциондар үшін платформа. Бинарлық опциондарға, инвестицияларға арнайы платформалар арқылы ақша тарту және т.б..

Процесс мынадай түрде жүзеге асырылады:

  • Ұйымдастырушы әлеуметтік желілер және интернет ресурстар арқылы бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға үйрету үшін жеке тұлғаларды тартады.
  • Бұдан әрі оқыту жүргізілгеннен кейін, клиентке арнайы платформа ұсынылады, онда бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша операциялар, бинарлық опциондармен операциялар жүргізілетін болады.
  • Клиент демо-шотты (бастаушыларға арналған виртуалды шот) пайдалана отырып және бағдарламаны (платформаның операциялық жүйесі) пайдалана отырып, операцияны жүзеге асыруды бастайды, ол клиенттің ақша табуына жағдай жасайды.
  • Клиент нақты ақшаны пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырады.

Егер клиентке ақша қаражаты жетпеген жағдайларда, онда ол әрбір шақырылған қатысушы үшін бонус ала алады.

Осы платформалардың көпшілігі шетелдік компаниялар болып табылады, ал ҚР-ның аумағында тіркелген компаниялар консультациялық қызметтер көрсетеді.

  1. Тұтынушылық кооператив түріндегі қаржы пирамидасы

Осы сәтте банктік  ипотекаға танымал баламаның бірі тұтынушылық  кооператив болды. Мұнда тұтынушылық кооператив азаматтардың бір-бірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған әлеуметтік бірлестікті білдіреді. Мысалы тұрғы үй, автомобиль алу және т.б.

Алайда заңсыз қызмет үшін тұтынушылық кооперативтерді пайдалану жағдайлары орын алған. Атап айтқанда, басқа қатысушыларды тартқан жағдайларда жылжымайтын мүлікті/автомобильді сатып алу үшін бастапқы жарна төлеу бойынша жеңілдік талаптар беру.

Клиент көп қатысушы шақырған сайын тұтынушылық кооператив клиентке қарыз беру бойынша жақсы жағдайлар жасайды.

Дата публикации
01 октября 2021
Дата обновления
04 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы