Меню

Страницы

Статья

Алдап, қызықтырып ақша алу көрінісіндегі алаяқтықтың түрі туралы ақпараттық хабар

Алаяқтықтың бір түрі аз ғана ақша салу (аванс, кепілақы, кепілдік, салық, баж, пайыздық төлемдер, комиссия және т.б.) есебінен жоғары сыйақы ұсыну болып табылады. Нәтижесінде алаяқтықтың осы түріне тап болған адам оларды қайтарып алу мүмкіндігінсіз бұрын болжанғаннан қарағанда айтарлықтай көп ақша салады. Бұл ретте мұндайды адам бірнеше рет (2-ден астам төлем) қайталайды.

Анықтама үшін: Интернет дереккөздерінен алынған ақпарат бойынша қылмыстың осы түріне тап болған адамдардың көбі алаяқтарға ақша аудару бойынша 2-3 операция, кейбір жағдайларда 7 операцияға дейін жүзеге асырады.

Алдап, қызықтырып ақша алудың көптеген түрлері бар, алайда жалпы бұл схеманың жұмыс жасау принципі біреу, оларды негізгі 6-ға бөлуге болады.

  • Автомобильді шетелден нарық құнынан анағұрлым төмен бағамен сатып алу

Процесс мынадай түрде болады: жеке тұлғалар/компания азаматқа автомобильді нарық құнынан 20-30%-ға арзан  (кеден төлемдерін және басқа шығыстарды ескере отырып) болатын шетелден сатып алуды ұсынады. Автомобильдердің құнының нарық құнынан негізделген төмен болуының айқын себептері: автомобильдер жоюға немесе аукционға қойылады. Азаматқа автомобиль құнының 30%-ы мөлшерінде бастапқы жарна төлеу қажет екендігі және ол автомобиль жеткізілгеннен кейін қалған 70%-ын төлеуі тиіс екендігі хабарланады.

Алайда шындығында бұл компания/жеке тұлғалар ақшаның 30%-ын алғаннан кейін, бірнеше апта өткен соң клиентпен байланыса отырып, қосымша шығыстарға тағы да біршама сома (шамамен ақшаның 20%-ын) аударуды сұрайды, одан кейін 1-4 апта ішінде кеден шығыстарына және т.б. сома сұратады. Осы уақыт ішінде алаяқтар қаражатты шетелдік шоттарға аударып, жасырынып қалады.

  • Техниканы (гаджеттерді) шетелден сатып алу

Бұл схема алдыңғы схемаға өте ұқсас.  Интернет ресурстардан алынған ақпарат бойынша IPhone смартфонының жаңа үлгісі шыққаннан кейін алаяқтар азаматтарға смартфондардың шексіз санын АҚШ-тан неғұрлым төмен бағамен  сатып алу және оларды пошта арқылы жөнелту не басқалай тәсілмен тасымалдау мүмкіндігін ұсынған жағдайлар болған. Осылайша алаяқтар ең алдымен аванс ретінде әрбір смартфон үшін 100$ банктік картаға аударуды сұраған, содан кейін аударымға қатысты мәселелер туындағанын, басқа картаға 100$-дан аударуды талап еткен. Нәтижесінде алаяқтар әрбір смартфон үшін қосымша 200$-дан төлеуді талап еткен, олай болмаған жағдайда, смартфондар жеткізілмейді деп бопсалаған, осыдан кейін алаяқтар жасырынып отырған.

 

Анықтама үшін: техниканы шетелден анағұрлым төмен бағамен алуға болады, алайда 1 адамға  жеке пайдалануға бір тауардың екі данасынан артық сатып алуға жол берілмейді, бір тауар түрінен 2 данадан артық сатып алу кәсіпкерлік қызмет деп бағаланады.

  • Бәс тігіп ақша табу

Схеманың мәні мынада: жеке тұлғаға байланысқа шығып, барынша қысқа мерзімде (бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін) бәс тігіп, үлкен ақша табатындарына уәде етеді. Белгілі бір сома енгізілгеннен кейін қатысушыға  бәсті жеңгенін және оны жеңіп алған адамға төлеу үшін комиссияға ақы төлеу қажеттігі хабарланады, комиссия төленгеннен кейін  қосымша сомалар және т.б. ақы төлеу кіреді. Нәтижесінде қатысушы уәде етілген соманың жартысына жуығын алаяқтарға береді, осыдан кейін алаяқтар жасырынып қалады.

Анықтама үшін: Бәс тігу жұмысының принципі:

  • тәуекелі төмен – сыйақылары жоғары емес, тәуекелі жоғары – сыйақысы жоғары
  • букмекерлік контораның комиссиясы жұмыс істейді. Мәселен, егер бәстің 2 қорытындысы (50/50) болса, онда жеңіп шыққан жағдайда, қатысушы  бәс сомасының 85%-ын алады, ал жеңілген жағдайда, қатысушы бәс сомасының 100%-ынан түгел айырылады. Бұл ретте, букмекер конторасы комиссия ретінде жеңіс сомасының 15%-ын ұстап қалады.
  • қатысушылар көп жағдайда пайда таппайды.
  • Құжаттарды тіркеуге көмек көрсету

Схема былайша жүзеге асырылады: алаяқтар өздерін қандай да бір ұйымдардың қызметкерлері деп таныстырып, клиенттің құжаттарын «жеделдету», «алға жылжыту», «тіреу» бойынша қызметтер ұсынады. Бастапқы жарна (аванс) келісілген сыйақы сомасының 20%-ынан бастап 50%-ына дейінгі соманы құрайды. Бұдан әрі алдыңғы мысалдарда келтірілгеніндей, алаяқтар «ресімдеуге» қатысты мәселелердің бар екендігі, бюджетке міндетті төлемдерді және басқа да шығыстарды төлеу қажеттігі туралы, осыған байланысты клиент шұғыл түрде ақша жіберу қажет екендігін хабарлайды. Нәтижесінде клиентке қажетті қызмет көрсетілмейді.

  • Кредиттерді немесе өзге де міндеттемелерді өтеу

Бұл схеманы алаяқтар адамдарда кредиттер не заңды немесе жеке тұлғалар алдында басқа да міндеттемелері болған кезде пайдаланады. Алаяқтар қарыз алушыға мәселені «шешіп беруді» немесе кредитті төлеу бойынша міндеттемені өзіне алуды ұсынады. Бұл үшін қарыз алушы кредит сомасының бір бөлігін (10%-ынан бастап 40%-ына дейін) төлеуі қажет. Мәселен,  қарыз алушыда кредит бойынша 300 мың теңге мөлшерінде берешегі бар болса, онда «мәселені шешуді» ұсынған аталған тұлғаға  50 мың теңге төлей отырып, қарыз алушы қарыздың барлық сомасын өтейді-мыс. Шындығына келсек, алаяқтар мәселені шешу үшін қосымша ақша сомасын сұратады. Нәтижесінде клиенттің қарызы өтелмейді, бұл ретте шығыстар (айыппұлдар, өсімпұлдар және т.б.) өседі. 

 

  • Ұтылған немесе айырылған ақшаны қайтаруға көмек көрсету.

Схема алаяқтық әрекеттердің құрбаны болған және салдарынан материалдық шығынданған адамға қатысты жүзеге асырылады.

  • бәс тігуде соманы ұттыру;
  • бинарлы опциондарда ақша ұттыру;
  • инвестициялық жобаларға салынған қаражаттан айырылу;
  • қаржы пирамидасының және т.б. күйреуі.

Алаяқтар белгілі бір уақыт кезеңі өткен соң клиентпен байланысып, айырылған қаражатты белгілі бір комиссия үшін қайтаруға көмек көрсетуді ұсынады. Нәтижесінде  клиент қаражатын қайтарамын деген үмітпен тағы да қосымша шығынға тап болады.

Дата публикации
01 октября 2021
Дата обновления
04 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы