Қаржы пирамидасының ерекшелігі тез және жеңіл ақша табуға уәде беру.
Бұл ретте, қаржы пирамидаларының қаржы ұйымдарына жатпайтынын және реттеушінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге лицензиясының жоқ екенін, тиісінше ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бағынысты емес екендігін есте сақтаған жөн.
Қаржы пирамидаларын олардың қызмет бағыттарына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады:
Бұл процеске сәйкес компания (компаниялар тобы) азаматтарды инвестициялық жобаларға тарту бойынша қызметті жүзеге асырады. Мұндай бағдарламалардың басты белгісі 3 айдан 120 айға дейін кезеңде үзбей ақша салып тұру (орташа есеппен алғанда 2-5 жыл), кіріс алуға кепілдік (уәде) беру, сондай-ақ туристік жолдамалар мен ұтыстар түрінде бонустар ұсыну.
Қатысушы ай сайын/тоқсан сайын 3-4 жыл қатарынан ақша салып отырады, осылайша ол компанияның алдыңғы қатысушылардың алдындағы міндеттемелерін өтеп отырады.
Пирамиданың бұл түрінің мақсаты - қысқа мерзім ішінде халықтан тез арада ақша жинау (азғана ғана жарнамен адамдардың көп санын қамтып қалу). Әлеуметтік желілерде онлайн чаттарға, топтарға және арналарға шақырумен жаппай жарнамалау жүргізіледі.
Бағдарламаға кіру үшін төлем жасау (500 теңгеден бастап және одан көп) және жоғары кіріс алуға (100% - дан бастап) уәде берумен басқа қатысушыларды (адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп ақша табу мүмкіндігі) тарту қажет.
Қаржы пирамидасының бұл түрінің негізгі қағидаты - қатысушылар тарту. Бұл мақсаттарға түрлі сертификаттар, зергерлік бұйымдар, бет және дене күтіміне арналған тауарлар пайдаланылады.
Мұндай қаржы пирамидалары жинақтау бағдарламасына аздаған ақшалай жарна енгізуді талап етеді, ал соңында қомақты ақшаға уәде етіледі. Мысалы, қатысушы 6 ай мерзімге 800$ салады, оның соңында 19200$ (2400%) көлемінде сыйақы алады. Сыйақы сомасына, әдетте, шақырылған қатысушылардың саны және олардың салымдарының сомасы әсер етуі мүмкін.
Тағы бір бағдарлама түрі - 200% және одан жоғары мөлшерде сыйақы төлеуді көздейтін бағдарламалар, бұл жерде қойылатын негізгі талап - қатысушы құқықтарын береді және (немесе) кепілге мүлік қалдырады.
Клубтар круиздер, ваучерлер, жолдамалар ұсынады, бизнес құру және оны дамытуға, маркетинг, копирайтинг, хиромантия, астрономия, психология, нумерология және басқаларға оқытуды ұсынады. Қатысушы бағдарламаларға байланысты белгілі бір мерзім ішінде (1-3 жылдан 5-10 жылға дейін) басқа қатысушыларды тартуы және (немесе) кіру жарнасын енгізуі қажет.
Бинарлық опциондарға ақша тарту, арнайы платформалар арқылы инвестициялау және т. б.. Процесс мынадай түрде жүзеге асырылады:
- Ұйымдастырушы әлеуметтік желілер және интернет-ресурстар арқылы жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығында операцияларға оқыту үшін тартады.
- Әрі қарай, оқу аяқталғаннан кейін клиентке арнайы платформа ұсынылады, онда бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша операциялар, бинарлық опциондармен операциялар жасауға болады.
- Клиент демо-шотты (жаңадан бастаушыларға арналған виртуалды шот) және ақша табуға мүмкіндік беретін бағдарламаны (платформаның операциялық жүйесі) пайдаланумен операцияларды жүзеге асыра бастайды.
- Клиент операцияларды нақты ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырады.
Егер клиентке ақша қаражаты жетпеген жағдайда, ол шақырылған әрбір қатысушы үшін бонустар ала алады.
Мұндай платформалардың басым бөлігі шетелдік платформалар, ал Қазақстан аумағында тіркелген компаниялар консультациялық қызметтер көрсетеді.
Қазіргі уақытта банктік ипотеканың баламасы түріндегі тұтыну кооперативі (ТК) кеңінен таралуда. Тұтыну кооперативтерін заңсыз қызмет үшін пайдалану жағдайлары кездеседі. Атап айтқанда, мұндай қаржы пирамидалары өз мүшелеріне басқа қатысушыларды тартқан жағдайда жылжымайтын мүлік/автомобиль сатып алу үшін бастапқы жарнаны төлеуде жеңілдік талаптарын ұсынады.
Клиент неғұрлым көп қатысушы шақыратын болса, ТК оған соғұрлым қолайлы талаптар ұсынады.
Азаматтар нені естен шығармаулары дұрыс?
Қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті негізде және құқықтық сүйемелдеусіз жүзеге асырылады. Ол салынған қаражатты қайтаруға ешкім ешқандай кепілдік бермейді деген сөз.
Сондықтан, егер де сізді шартқа тезірек қол қоюға және ақшаңызды салуға асықтырса, арандатушылыққа бой алдырмаңыз.
Егер сіз қаржы пирамидасының құрығына түсіп қалғаныңызды түсініп, өз қаражатыңызды қайтарғыңыз келсе, дереу барлық құжаттармен құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Пирамида құрбандарының арасында азғана соманы жоғалтқан адамдар көп кездеседі. Олардың көпшілігі ақшасын жоғалтқанымен үн-түнсіз келіседі. Бұл алаяқтардың одан әрі адамдарды алдап, арбауларына түсірулерін жалғастыруға ықпал етеді. Егер сіз алданып қалсаңыз үндемей қалмаңыз, әрекет етіңіз. Алаяқтықпен күрестегі ең маңыздысы – оны көпшілікке жария ету.
Қазақстанда: қаржы пирамидасын құрғаны және (немесе) оның қызметіне басшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 217- бабына сәйкес); қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметінің жарнамасын жасағаны, таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 150-бабына сәйкес) көзделген.