Меню

Страницы

Статья

«Сарыарқа - Адалдық алаңы» жобасын іске асыру туралы

Қарқаралы ауданында «Сарыарқа - Адалдық алаңы» жобасы 2 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың желтоқсаннан бастап аудан әкімінің аппараты жұмыстың сервистік моделіне көшті, оның көмегімен аудан тұрғындары бірден бірнеше мәселені шешіп, бір ғимараттан «бір терезе» қағидаты бойынша бірқатар қызметтерді ала алады.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сервистік әкімдік күту аймағымен, техникалық жабдықталған жұмыс орындарымен, ақпараттық стендтермен және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен жабдықталған.

Әкімдіктің сервистік қызмет көрсету форматына айналуы қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Сонымен қатар, бірінші басшылар кабинеттерін «Open space» форматы бойынша трансформациялау жүргізілуде.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету үшін өзіне-өзі қызмет көрсетудің 38 бұрышы жұмыс істейді. Оларда компьютерге немесе интернетке қолжетімділігі жоқ тұрғындар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады. Бұрыштар әкімдер аппараттарының, дербес бөлімдердің, жалпы білім беретін мектептердің, ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың ғимараттарында орналастырылған.

Көрсетілген шаралар қызмет алудың жеделдігі мен қолайлылығына ықпал етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды, өйткені қызмет көрсетудің бүкіл процесі ашық болып табылады.

Белгіленген шектеу шаралары жағдайында танымал әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу арқылы «Адал Көмек» жобасы шеңберінде халыққа құқықтық көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік органдардың өкілдері 55 тікелей эфир өткізді. Бұл жұмыс жалғасуда.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер Бірінші басшылардың бұйрықтарымен айқындалды, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, ауданда «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында іске асырылуда. Бүгінгі күні порталда publicbudget.kz (publicbudjet.kz) әкімдік құрылымына кіретін барлық ұйымдардың бюджеттері жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаны бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысы тұрақты жүргізіледі.

Жоба аясында елді мекендерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 35-тен астам баннер орналастырылған, олардың міндеті-қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық проблемасына аудару.

Сонымен қатар, аудан әкімінің аппаратында ватсап мессенджері, телеграмм арнада чат жұмыс істейді, солар арқылы тұрғындар түрлі мәселелер бойынша хабарласады және бірінші басшылардан жедел жауаптар алады.

Аталған интернет-алаңдар тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың диалогын реттеуге мүмкіндік берді, сондай-ақ жазбаша, сондай-ақ жеке қабылдауға келіп түскен өтініштердің санын айтарлықтай азайтты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда визуалды ақпарат берудің бір тәсілі – мурал өнері арқылы кеңінен насихаттау жұмысын жүргізу болатын. Қарқаралы қаласының орталығы Тоқтар Әубәкіров көшесінде заманауи өнер туындысы – Әлихан Бөкейхановтың суреті бейнеленген мурал салынды.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы