Меню

Страницы

Статья

"Қарқаралы ауданының білім бөлімі" ММ қаржылық есептілік аудиті негізіндегі белгіленген бұзушылықтар бойынша ақпарат

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес "Қарқаралы ауданының білім бөлімі" ММ қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді.

Қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 24 832,7 мың теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік аудит барысында бюджетке 19,5 мың теңге өтелді, есепке алу бойынша 24 813,2 мың теңге көрсету жолымен қалпына келтірілді және                   17 923,5 мың теңге сомасында рәсімдік бұзушылықтар, оның ішінде::

Қаржылық бұзушылықтар

- жалпы сомасы 5 324,4 мың теңгеге дебиторлық берешек және 7 131,4 мың теңгеге кредиторлық берешек көрсетілмеген;

- 863,7 мың теңге сомасында дебиторлық берешектің күмәнді борыштары бойынша резерв құрылмаған;

- жалақы және іссапар шығыстары бойынша артық төлем 6,2 мың теңгені құрады;

-жанар-жағармай материалдары 13,3 мың теңгеге артық шығындалған;

- жалпы сомасы 506,3 мың теңгеге қатаң есептілік бланкілері баланстан тыс шотта көрсетілмеген;

- жалпы сомасы 4 344,8 мың теңгеге негізгі құралдар активтер ретінде танылмады және тиісінше 166,1 мың теңге сомаға амортизация есептелмеді;

- жалпы сомасы 1 454,5 мың теңгеге қорлар дұрыс бөлінбеді;

- есепке алу бойынша кіріске алынғанға дейін ғимараттың құны 5 022,0 мың теңге.

Процедуралық бұзушылықтар

- артық штат бірлігі бойынша еңбекақы қоры 653,4 мың теңге қарастырылған;

- ағымдағы жылы жалпы сомасы 2 724,0 мың теңгеге ұсталған өткен қаржы жылындағы жалақы бойынша дебиторлық берешек, бюджет кірісіне қайтарылмады;

- жалпы сомасы 13 714,5 мың теңге қорлар дұрыс кіріске алынбаған;

- бас кітап пен теңгерім арасында 310,4 мың теңге сомасында алшақтық анықталды;

- мекемемен 521,2 мың теңге сомасына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндетті төлемдерді есептеу бойынша қате бухгалтерлік (проводка) берілді, олар 7050 "міндетті сақтандыруға арналған шығыстар" шоты бойынша міндетті сақтандыру бойынша шығыстарға жатқызылуы тиіс.

Мемлекеттік аудиторлар қаржылық есептіліктің түзетулері мен түзетулерін ескере отырып, оң аудиторлық есепті қабылдады.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру жөнінде ұсынымдар жолданды.

 

 Қаржылық есептілік аудиті бөлімі

Қарағанды облысы бойынша ІМАД

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы