Меню

Страницы

Статья

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметті Қарқаралы ауданының тұрғындары! Сіздердің мәліметтеріңізге танысу үшін аудан әкімдігіне келіп түсетін үздік өзекті сұрақтарды жауаптарымен бірге ұсынамыз:

 

  1. Сұрақ: Тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады ?

  Жауап: "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес кезекке тұру ішін өтініш берудің екі түрі бар:

1) Қарқаралы ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі (ЦОН) арқылы (Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров  көшесі, 21 ғимараты мекен-жайына барып өтініш беру);

2) Мемлекеттік қызметтердің электрондық үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz)  өтініш беруге болады.

 

  1. Сұрақ: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?

Жауап: Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары заңына» сәйкес келесі тұлғаларға беріледі:

1) Ұлы Отан соғысы ардагерлері;

2) Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) Көп балалы отбасыларға, яғни 18 жасқа толмаған 4 баласы бар отбасы;

4) Әлеуметтік осал топтағы жандарға;

5)Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

6) Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға беріледі.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй алуға кезекке тұру үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзіміне қарамастан).

 

  1. Сұрақ: "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметіне өтінішті қалай беруге болады.

Жауап: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 167 бұйрығына сәйкес, "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметіне өтінішті электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе мемлекеттік органға қағаз түрінде беруге болады.

 

  1. Сұрақ: Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Жауап: 1) Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық елді мекендердегі әкімдер аппараттарына құжаттарын тапсыра алады.

2) Мемлекеттік қызметтердің электрондық веб-порталы арқылы (www.egov.kz) өтініш беріп, құжаттарды тіркеуге болады.

Толық кеңесті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 8 (72146) 32899 телефон номеріне хабарласып, білуге болады.

 

  1. Сұрақ: Шипажай-курортық ем алуға және протездік ортопедиялық көмек құралдарын алуға жолдама алу үшін өтінішті қайда тапсырамын және қандай құжаттар керек?

Жауап: Шипажай-курортық ем алуға және протездік ортопедиялық көмек құралдарын алуға жолдама алу үшін:

  • Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімшелерінің оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту анықтамасы (ИПР) болу керек.
  • Өтінішті мемлекеттік қызметтердің электрондық веб-порталы арқылы (egov.kz) беруге болады немесе Қарқаралы ауданының халыққа қызмет көрсету бөліміне (ЦОН) барып бере алады.

 

  1. Сұрақ: Мектепке дейінгі ұйымға (балабақша) кезекке қалай тұруға болады?

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік стандартына сәйкес қызмет алушы:

  • «Индиго24.kz» сайты арқылы кезекке тұра алады.

 

  1. Cұрақ: Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскесін жалға алу.

Жауап: Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Қазақстан Республикасы Заң талаптарына сәйкес, конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы конкурсқа қойылатын жер учаскелері жергілікті баспасөз басылымдарына және аудан әкімі аппаратының qarqaraly.kz сайтына жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім (қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы);

      2) конкурстық ұсыныс (бизнес-жоспар).

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы