Биылғы жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке бөлінгені 144 175,0 мың теңге, оның 136 619,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, ал жергілікті бюджеттен 7 556,0 мың теңге қарастырылды.
Бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек 172 отбасына (910 адам) 48 062,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
1 мен 6 жастағы балаларға әлеуметтік топтама үшін 39 982,0 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық-түлік түрінде) атаулы әлеуметтік көмек алатын 136 отбасындағы 212 балаға берілді.
Төтенше жағдайға байланысты берілген ақшалай түрдегі 52 802,8 мың теңге көлеміндегі азық-түлік топтамасын (ПБН) 2340 адам алды.