Әлеуметтік салада негізгі мақсаттардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатта 2020 жылы жергілікті бюджеттен 37886,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 9334,0 мың тенге қарастырылған. Бұнда, медицина сараптама орталығының берген жеке оңалту анықтамалары негізінде міндетті гигеналық құралдармен 176 мүгедек қамтамасыз етілді және бірінші топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерімен (86 адаммен) келісім-шарт жасалынды, ымдау тілі маманының қызметіне 6 мүгедек қабылданданып, ай сайынғы еңбек ақылары уақтылы төленіп берілді.
2020 жылы мүгедектерге бөлінген құралдарымен, атап айтқанда ноутбукпен 8 адам, 3 адам танометрмен, 5 адам тифлотаяқпен, 7 адам плейермен, 32 адам ұялы телефонмен, 1 адам Брайль жүйесі бойынша жазу құралы грифельмен, 8 адам саңырау және нашар еститіндерге арналған қол сағатымен, 1 адам оқу машинкасымен, 13 адам кресло арбамен, 4 мүгедек жан есту апаратымен қамтамасыз етілді. Протездеу бойынша (жетек арба, балдақ, таяқ, ортапелиялық аяқ киім, корсет, жіліншілікке тірейтін балдақ, омрау протезі, жамбас протезі, жіліншік протезі) 28 адамға, Кокшетау қаласында орналасқан «Алмаз» шипажайына ем алуға 43 адамға жолдама берілді.
ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс жасайды. Бүгінгі күнде осы бөлімшесінде денсаулығы шектеулі психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңесінің қортындысы бойынша 22 бала тіркеуде тұр. Осы тіркеудегі балалармен үйден әлеуметтік көмек көрсету ісі ұйымдастырылып, оларға 13 әлеуметтік қызметкер жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, бөлімде үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс жасайды. Бұнда 34 әлеуметтік қызыметкерлер 162 жалғызбасты қарттар мен мүгедек адамдарға қызмет жасауда.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша аудан әкімі жанындағы әлеуметтік комиссия қортындысы бойынша 141 мүгедек балаларға әрқайсына 5 мың тенгеден және жекелеген санаттағы азаматтардың өтініші бойынша жыл басынан осы уақыт аралығында 57 өтініш бойынша біржолғы материалдық көмек көрсетілді.