Меню

Страницы

Статья

Қарқаралы ауданы бойынша тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы

Қарқаралы ауданында «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары» аудан әкімдігінің 2020 жылдың 3 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес ауданда бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілді дамытуға 2020 жылы 1071,0 теңге қаржы  қарастырылды. Ағылшын тілін оқыту курсына 671,0 мың теңге бөлініп, 40 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін оқыту басталды. Қурс қашықтықтан оқыту арқылы ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік тілді дамыту шараларына 295 мың теңге қарастырылып, жоспарға сәйкес аудандық байқау және де басқа да шаралар ұйымдастырылды. Әлеуметтік тапсырыс аясындағы іс – шараларға 105 мың теңге қаржы қарастырылды.

Жылда дәстүрлі түрде аудандық «Шәкәрім оқулары», «Абай оқулары», «Қасым оқулары», «Тіл білу - өнер», «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» байқаулары ұйымдастырылады.

Көрнекі ақпарат пен жарнамалардың ахуалын саралау мақсатында жылына төрт рет «Көрнекті ақпарат және жарнамаға сауаттылық» атты айлық ұйымдастырылады.

Аудан жұртшылығының рухани жаршысы саналатын аудандық «Қарқаралы» газеті аудан көлемінде тіл саясатына қатысты ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығымен аудан халқын таныстырып отырады.

Қарқаралы ауданында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жұмыстарының  жоспары бойынша шаралар жүргізілуде.   Латын алфавитіне көшуді түсіндіру, латын графикасында сауатты жазуға дағдыландыру   бойынша zoom  платформасымен семинарлар өткізіліп, аудан бойынша елді-мекендер қамтылуда. 

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы