Меню

Страницы

Статья

Қарқаралы ауданының бюджеті

2019 жылы жергілікті бюджетке 943,1 млн. теңге немесе жоспарға 124,7% салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (жоспар – 756,5 млн. теңге).

2018 жылмен салыстырғанда түсімдер 131,2 млн. теңгеге өсті.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылуы 1 873,9 млн. теңгені немесе жоспарға 98,3%-ды құрады (1 906,0 млн. теңге бөлінді).

2019 жылы аудан бюджетінің шығыстары 8 865,5 млн. теңгені немесе жоспарға 99,3% құрады (жоспар – 8 932,3 млн. теңге).

Бюджеттің 4-ші деңгейін жүзеге асыру

Қарқаралы ауданында 1 қала, 1 кент және 23 ауылдық әкімшілік бар. Соның ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 4 елді мекенде тәуелсіз бюджеттер бекітілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2019 жылға 681,7 млн. теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 345,1 млн. теңгені құрады.

Бұл қаражат есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, жарықтандыру, жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, мектепке дейінгі білім беру, басқару аппаратын ұстау және т.б. қаржыландырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген бюджеттерінің көлемі 2020 жылға 1 283,9 мл. теңге, оның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген субвенциялар – 882,9 млн. теңгені құрады.

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы