Меню

Страницы

Статья

Қарқаралы ауданының әкімі С.Мусиннің тұрақты комиссиядағы баяндамасы

Қайырлы күн, құрметті депутаттар!

СЛАЙД 2

Биылғы жылдың қаңтар – мамыр айларының қорытындысына сәйкес, жалпы экономиканың көлемі 48,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың 5 айымен  салыстырғанда 130 % - ға орындалды. Өсім - 30 пайыз.

– өнеркәсіп – 24 311,0  млн. теңге, жоспар бойынша 16674,6 млн. теңге, НКИ – 131,5 %;

– ауыл шаруашылығы – 12 084,1 млн. теңге, жоспар 9 552,6 млн. теңге, НКИ – 99,8%;

– құрылыс – 3462,9 млн. теңге, жоспар 3830,0 млн. теңге, НКИ – 88,5 %;

– инвестициялар – 6586,8 млн. теңге, жоспар бойынша 7000,0 млн. теңге, НКИ – 98,1%;

– сауда – 1880,8 млн. теңге, жоспар бойынша 1950,0 млн. теңге.

Ауданда өнеркәсіп өнімін тау кен саласындағы «Қазақмыс Корпорациясы», «Өркен-Кентөбе», «Алтын дара» (2026 жылдан бастап «Алтайполиметаллы» ЖШС «Altyndara» жеке компаниясының басқаруына өтті) «Қамқор - Сарыарқа», сияқты ірі кәсіпорындар құрап отыр. Осы жылдың қаңтар - маусым айларында аталған кәсіпорындардан аудан бюджетіне салық түрінде 1,2 млрд теңге түсті.

ЖШС «Алтай полиметаллы» - 116,9 млн. тг

ЖШС «Теректі Кен-Байыту» - 282,4 млн. тг

ЖШС «Корпорация Қазақмыс»- 1,6 млн. тг

ЖШС «Алтай полиметаллы» филиалының Теректі тау-кен комбинаты - 184,4 млн. тг

СП «Қамкор-Сарыарқа»- 513,2 млн. тг

ЖШС "GoldCorp" - 62,2 млн. тг

Жаңатоған ауылдық округінде «Gold Corp» ЖШС-нің «Үймелі шаймалау әдісімен катодты мыс өндіру» жобасы мамыр айында іске қосылды. Жоба құны 8,0 млрд. теңге. Биылғы жылдың сәуір айында ауданға тіркелді.

Сонымен қатар, «Алайғыр» кен орны («Hainan Changxing Resources Investment Co., Ltd»,сатып алу құны 29 млрд теңгеден астам) бойынша жұмыстар алдағы уақытта басталады.

Аудан экономикасының дамуына шағын және орта бизнес субъектілері де өз үлесін қосып келеді. Шағын бизнес субъектілерінде 4,1 мың адам жұмыс істейді.

 

СЛАЙД 3

Туризм саласын дамытуда ауданның әлеуеті өте зор.

Қазіргі уақытта бұл салада 40 орналастыру орны жұмыс істеп тұр. Олар бір мезгілде 3 мыңға жуық адамды қабылдайтын мүмкіндігі бар.

2026 жылы екі ірі инвестициялық жобалар іске қосылды. ТОО «Petro Retail» компаниясы (2,5 млрд теңге) заманауи «Keruen INN» 38 номерлі мотелін ашты. Сондай-ақ, «Family House» демалыс орны ашылды.

«Бұғылы» рекреациялық аймағының жоспарлау жобасы әзірленген болатын (75 га, 18 жер учаскесі), қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша жұмыстары жүргізілуде. Былтыр 200 млн.теңгеден астам игерілді, биылғы жылға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн.теңге қарастырылды. Жоба құны – 4,4 млрд теңге.

Сонымен қатар, ұлттық парк аумағында жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. «Искаков» ЖК» тарапынан 500,0 млн теңгеге және «ADS Property» ЖШС тарапынан 600,0 млн теңге көлеміндегі инвестицияға туристік нысандар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

СЛАЙД 4

Ауданның басты саласының бірі - ауылшаруашылығы саласы екені белгілі. Биылғы жарты жылдықта жалпы өндірілген өнімнің көлемі 12,1 млрд. теңгені құрады.

Мал шаруашылығында мал басы мен өндірілген өнімнің ұлғайғандығы байқалып тұр.

Биылғы жылы 2,1 млрд. теңге көлемінде 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Бордақылау алаңын ашу;

Мал сою пунктін және ет өңдеу цехын іске қосу;

Тері өңдеу.

      1) Шарықты ауылдық округі «Мустафин Ақбай» шаруа қожалығы ет бағытындағы мал шаруашылығы кәсіпорнын құру және бордақылау алаңын 1 000 басқа кеңейту, мал бордақылау алаңының құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 2,0 млрд.теңге (өз қаражаты, ҚазАгро) қуаттылығы: жылына 500 тн.

      Ағымдағы жағдайы: Жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінгі күні шаруа қожалығында 245 бас ірі қара мал, 205 бас ұсақ мал және 152 бас жылқы бар. Ашылатын жұмыс орны: 13 адам.

       Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы «Жауғашар» қыстағында салынатын бордақылау алаңына және ет өңдеу цехына ұзындығы 6 шқ, құны 76,231 млн. теңге болатын электр желісін тартуға мемлекет тарапынан қолдау тапты.                                                  

      Жоба Қарағанды облысы бойынша үйлестіру кеңесіне ұсынылып, қаралды. Электр желісін тарту үшін конкурс аяқталды. Жеңімпаз – ТОО «Арас 2008». Басшы – Титоренко Екатерина Владимировна (ҚҚС-мен) – 72 269 438,54 тг. Мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

      2) Қарқаралы қаласында мал сою алаңы және ет өңдеу цехын ашу. Іске асырушы: «Жасыл жиек» ЖШС. Жоба құны: 100,0 млн.теңге (өз қаражаты, ҚазАгро) Қуаттылығы: күніне 25 бас, жылына 1000 тн. ет өндіру.

      Ағымдағы жағдайы: 2025 жылдың желтоқсан айында аукцион арқылы 1 гектар жер учаскесін жалға алу құқығы беріліп, жобалау сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі уақытта 1 ұңғыма бұрғыланды, аумақ толық қоршалды, су құбыры мен кәріз желілеріне арналған жер жұмыстары және құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Ашылатын жұмыс орны: 12 адам.

3) Қарқаралы қаласында «Ірі қара мен жылқы терісін тереңдетіп өңдеу бойынша цехын салу жобасы». Іске асырушы: «Бизнес партнер Астана» ЖШС. Жоба құны: 700,0 млн.теңге (өз қаражаты, «Сары Арқа» ӘКК).

Ағымдағы жағдайы: жер телімі және жер актісі алынып, жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Электр жарығын қосуға техникалық шарттары алынды.

«Сары Арқа» ӘКК құжаттарын тапсыру үшін құжаттарын реттеу жұмыстарын жүргізуде.

 

СЛАЙД 5

Өткен жылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша 5 конкурс өткізілді. Нәтижесінде 38 жер учаскесі (жалпы көлемі – 39224,6219 га; оның ішінде егістік  – 1992,14; шабындық-181,0 га; жайылымдық-36258,0 га, басқа жерлер-257,3638га) 32 жер пайдаланушыларға (шаруа қожалықтарына)  берілді (жаңадан ашылған - 18 шаруашылық).

Осы жылы 40,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту  жоспарланды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін игеру – өзекті мәселенің бірі. Президент тапсырмасына сәйкес былтырғы жылы аудан бойынша пайдаланылмай отырған 37,1 мың гектар (егістік – 4,0 мың га, жайылымдық 31,4 мың га, 1,7 мың га. басқа жерлер)  жер учаскесі қайтарылды.

Жоспар бойынша  14,0 мың га, қазіргі кезеңде қайтарылғаны 16, 7 мың га. Бұл 119,4 % құрайды.

Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану міндеті аясында аудан бойынша мониторинг үнемі жүргізілетін болады.

Құрылған жұмыс тобымен жерлерін игермей отырған ауылшаруашылық тауар өндірушілері бойынша мониторинг жүргізіліп, хабарламалар таратылды. Былтырғы жылы 67 ауылшаруашылық тауар өндірушілері бойынша (128,0 мың га) шара қолдану үшін Қарағанды облысы жер ресурстарын басқару департаментіне  жолданып тексеріс жүргізілді. Биылғы жылы  64 ауылшаруашылық тауар өндірушілері бойынша (91,4 мың га) шара қолдану үшін Қарағанды облысы жер ресурстарын басқару департаментіне  жолданды. Қазіргі кезеңде 18 (21,8 мың га) тексеріс жүргізіліп, 4 (1,7 мың га) нұсқама берілді. 

 

СЛАЙД 6

Әлеуметтік салаға келетін болсақ, 28 отбасыға (149 адам) 10,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік төлемдерге 141 850,0 мың теңге қарастырылды.  2026 жылдың 01 шілдесіне  атаулы және мереке күндерге 39 070,0 мың теңге (1456 адам), жекелеген санаттағы өтініштер бойынша 12 989,0, 0 мың теңге (180 адам), жалпы 52 059,0 мың теңге бірреттік әлеуметтік көмек берілді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін білім саласындағы педагогтарға, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға 53 587,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек қарастырылды.

Аталған  әлеуметтік көмек жылыту маусымының уақытында қазан-қараша айларында төленетін болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шараларына жергілікті бюджеттен 195 712,0 мың теңге қарастырылды.

 «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы медицина сараптама орталығының тағайындаған жеке оңалту анықтамалары  негізінде барлығы 464 адамға қызмет көрсетілді, орындалысы 61,3%.

Түрлі санаттағы әлеуметтік қолдау бойынша бағдарламаларға жергілікті бюджеттен 39 млн. теңге қаражат қарастырылды.

- «Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы» 9 134,0 мың теңге (шарт бойынша 9134,0 мың теңге);

- «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы 6595,0 мың теңге (шарт бойынша 5860,0 мың тг);

- «Инватакси» қызметі – 10471,0 мың теңге (шарт бойынша 9 535,0 мың теңге);

- «Сотталғандарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және    (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды әлеуметтендіру және оңалту бойынша қызметтер көрсету орталығы» - 2000,0 м ың теңге (шарт бойынша 1785,7 мың теңге);

- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» - 10 800,0 мың теңге (келісім шарт бұзылды).

 

СЛАЙД 7

Мәдениет және спорт

        Жыл басынан ауданда бірқатар ауқымды мерекелік шараларды ұйымдастырылды.

        Атап айтқанда, Халық Қаһарманы Т.Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойына орай «Сарыарқа жұлдызы» облыстық байқауының аудандық іріктеуі өтті.

        Жезтаңдай әншіміз Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі әншілер байқауы (2 жылда бір рет) мен Тәттімбет атындағы облыстық күйшілер байқауы (2 жылда бір рет) жоғары деңгейде өткізілді.

        Алдағы уақытта Қасым оқулары мен Тоқтар Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр.

Спорт саласында соңғы 6 айда елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қарқаралы қаласында жасөспірімдер арасында өткен  IV облыстық спартакиадада жалпы командалық есепте Қарқаралы ауданының командасы бірінші орын иеленді. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада (1-ші орын), әйелдер арасындағы Балқаш қаласында өткен облыстық спартаикадада (3-ші орын), мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Теміртау қаласында  өткен облыстық спартакиадада (2 орын) жүлделі орындарды иелендік.

Жекелей спорт түрлерінен де жетістіктеріміз бар. (Амангелдиев Ахмет, Мейрамбек Айару қазақ күресінен жасөспірімдер арасында жүлдегерлер  Аида Тойшыбекова – дзюдодан Қазақстан Барысы грант слам чемпионы, Дастан Үмітқалиев – тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының  күміс жүлдегері, Ержан Мадина - самбодан 3 дүркін Азия чемпионы, Санжар Еруұланұлы – дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері және т.б).

Биылғы жылы ауданымызда басқа да ауқымды спорттық шараларды өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлттық спорт түрлерінің ашылуы, облыстық жасөспірімдер спартакиадасы, Мәди Бәпиұлы атындағы дзюдодан төртінші республикалық ашық турнир, Жәкен Тәтиев, Шакаман Зарубаев атындағы қазақ күресінен ардагерлер арасында ашық турнир, Бұғылы-Трейл марафоны мен спорттық бағдарлаудан республикалық жарыстар, Тартылу фест жасөспірімдер арасындағы теннистен облыстық турнир, өтеді. 

 

СЛАЙД 8

Құрылыс жұмыстары

Осы жылы ауданымызда 18 бюджеттік жоба іске асырылуда (6,3 млрд.теңге):

- 5,8 млрд.теңге облыстық бюджеттен;

- 0,5 млрд.теңге аудандық бюджеттен.

Бұл жобалар ауыз су және кәріз жүйелерін, әлеуметтік инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған.

Әрбір жобаға қысқаша тоқталып кетуге рұқсат етсеңіздер.

 «Жарлы-Қарқаралы» топтық су жүйесінің құрылысы бойынша (жоба құны – 2,9 млрд.теңге) нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары ұңғымалар, станция, резервуарлар және трасса бойынша толық ревизия жүргізіліп, қалаға су беру жұмыстары 98 пайызға дайын.

Қазіргі уақытта нысан соңғы дайындық кезеңінде тұр, тек сорғыларды орнату ғана қалды, оларды орнату 25 шілдеге жоспарланған.

 

Қарағайлы кенті бойынша жүргізіліп жатқан ауыз су, кәріз жүйесі және денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылыстары 80-95 пайыз аралығында дайын. Алайда мердігерлердің баяу жұмыс істеуіне байланысты, келісім-шартты бұзу бойынша порталға хабарлама берілді.

 

Сондай-ақ ауданымызда Татан, Айнабұлақ, Айрық ауылдарында ауыз су құбырын қайта құру жобалары жүргізілуде.

 

Өрт сөндіру бекеттері Айрық, Айнабұлақ, Татан ауылдарында салынуда.

Қарқаралы қаласындағы тазарту ғимаратының құрылысында резервуарды бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абаттандыру бойынша жолдың асфальт жабынын төсеу аяқталды.

 

 

СЛАЙД 9

«Көктас ауылында дене-сауықтыру спорт кешенінің құрылысына» (жоба құны - 338,7 млн.теңге) осы жылы аудандық  бюджеттен жобаны аяқтауға 40,3 млн.теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстары аяқталып, құжаттары рәсімделуде.

 

«Бұғылы туристік аумағында инженерлік инфрақұрылым құрылысына» келсек. Жоба құны – 4,4 млрд.теңге.

Биыл облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Осы уақытқа дейін 6000 метр электр желісі тартылды (10 кВ жалпы ұзындығы 10 615 метр, қалғаны 4 615 метр, материалдар 100% нысан басында).

 2 500 метр байланыс желісі төселді. (Байланыс желісінің жалпы ұзындығы – 6 205 метр, оның 5 500 метрі бойынша траншея қазу жұмыстары орындалды, материалдар 100% нысан басында).

Таза суға арналған 100 м³ көлеміндегі 2 дана резервуар толық дайын. 4 900 метр су құбырының желісі тартылды. (Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы – 5 287 метр, тартуға қалғаны – 387 метр, материалдар 100% нысан басында).

 3 500 метр кәріз құбыры төселді. (Жалпы ұзындығы 5 397 метр болатын кәріз жүйесі бойынша 5 000 метр траншея қазылды, құбыр төсеуге қалғаны – 1 897 метр, материалдар 100% нысан басында).

Асфальт жолдарының жалпы ұзындығы 5 606 метр, жер дайындау жұмыстары 3 000 м көлемінде орындалды.

 20 000 м² брусчатка төселді. Брусчатка төсеу жұмыстарының жалпы көлемі – 78 980 м².

Нысанда 59 адам және 28 дана техника жұмылдырылған.

 

 

СЛАЙД 10

Тұрғын үй саласында, Қарқаралы ауданы бойынша барлығы 25 үй, яғни 76 пәтер салынды (10 пәтерлі 2 үй, 4 пәтерлі 3 үй, 6 пәтерлі 1 үй (таунхаус), 2 пәтерлі 19 үй). Бюджет есебінен 35 пәтер толық сатып алынды.

«Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тарапынан жалпы сомасы 475 873 000 теңгеге 35 пәтер толық сатып алынды.

Ағымдағы жылы 10 үй кезекте тұрған аудан тұрғындарына табысталды.

Бүгінгі күні 41 пәтер сатып алу порталына қойылып, жеңімпаздармен сатып алу-сату шарттары жасалды. Алдағы уақытта «Отбасы банкі» арқылы кезекте тұрған мұқтаж отбасыларға беру жалғасады.

2026 жылдың маусым айында 505 933 000 теңге 29 үйдің 1 кезеңі толық төленді.

 

СЛАЙД 11

Денсаулық саласына келсек, «Ауыл медицинасын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ФАП-тардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Абыз, Бесоба, Бүркітті, Қарабұлақ, Өсібай, Айрық, Ынталы, Айнабұлақ, Қарағаш, Қоянды ауылдарында нысандардың құрылысы аяқталды. Бүгінде барлық нысандар ресми түрде пайдалануға беріліп, толық көлемде жұмыс істеуде.

СЛАЙД 12

Автомобиль жолдары

Аудан аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың бірқатар бағыттарында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Қарқаралы қаласындағы Т.Әубәкіров көшесін реконструкциялау» жобасы (жоба құны – 1,3 млрд.теңге) аяқталуға жақын.

Өздеріңіз білесіздер, биыл үшінші қабат асфальт төселіп, аяқталды.

2024–2025 жылдары екі қабатты асфальтбетон жабыны төселді, бордюрлар орнатылып, жол белгілерін қойылды, жарықтандыру тіректерін орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және ағын су жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылды.

Жобаны осы шілде айында аяқтау жоспарда.

 «Көктас-Тегісшілдік а/ж орташа жөндеу» жобасы бойынша мердігермен келісім-шарт жасалып, жұмыстар басталды.

Құны 1,3 млрд.теңге. 2026 жылы облыстық бюджеттен 500,0 млн.теңге бөлінді. Мердігері - «АрмСтрой» ЖШС.

Қарқаралы – Қ.Аманжолов бағытындағы аудандық маңыздағы жолға жөндеу жұмыстары биыл басталады. Жөндеу жолдың екі бөлігінде жүргізіледі.

Біріншісі:  3,2-20 шақырым бөлігі. Мердігері анықталды.

(Жоба құны - 1,1 млрд.теңге)

2026 жылы облыстық бюджеттен 250,0 млн.теңге бөлінді.

Мердігер - «АрмСтрой» ЖШС. 

        Екіншісі - 24-45 шақырым аралығын қамтиды. Ведомстволық сараптама алынып, конкурстық рәсімдер өткізілуде. Жеңімпаз шілденің 20 анықталады. Жоба құны - 1,5 млрд.теңге.

«Қарқаралы – Талды 3,2 км а/ж күрделі жөндеу» жобасы (құны  - 538,0 млн.теңге) бойынша мердігермен жасалған шарттың бұзылуына байланысты жұмыстар аяқталмады. Қазіргі уақытта жол төсемі мен асфальтбетон жабынын күшейту бөлігінде жобаны түзету жұмыстары жүргізілуде. Сараптаманың оң қорытындысын алу шілде айының 15-і жоспарлануда.

«Қарағайлы кентішілік жолдарды орташа жөндеу» жобасы бойынша кенттің бес көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі (жоба құны - 560,0 млн.теңге). Бұрынғы мердігермен келісім шарт бұзылып, бүгінде қайта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. («Нұржол Караганда» ЖШС)

2025 жылы техникалық құжаттама әзірленді.

Жөнделетін көшелер: А. Бөкейханов көшесі (0–2,31 км), А. Машанов көшесі (0–0,74 км), Атаконыс көшесі (0–0,743 км), К. Сәтпаев көшесі (0–1,42 км), 13-шағынаудан көшесі (0–0,64 км).

 Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінгі баяндамамда негізгі көрсеткіштер мен жобаларға тоқталып өттім. Алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстарды баршамыз бірлесе атқарамыз деген сенімдемін.

 

Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Сұрақ-ұсыныстарыңыз болса, жауап беруге әзірмін!

Дата публикации
04 августа 2026
Дата обновления
04 августа 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы