Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығында іргелі жұмыстар бар

2022 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлығы 53 млрд. тан астам теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 99,8 %- ды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 40 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша – 12 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл салада 839 шаруа қожалықтары, 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Биыл жаңадан 45 шаруа қожалығы құрылды.

Аудан бойынша 40,0 мың гектар алқапқа дәнді - дақыл себілді, оның ішінде 30,5  мың гектар бидай, 8,5 мың гектар арпа, 1,0 мың гектар сұлы. 33  гектарға картоп  отырғызылды.  1,0 мың гектарға бір жылдық,  1,5 мың гектарға көп жылдық шөп себілді. Орташа 5 – 6 центнер көлемінде өнім алынды.

Ірі қара мал басы 110 мың 205 (108,2%), жылқы – 85 мың 203 бас (113,7%), ұсақ мүйізді мал басы 162 мың 041 (106,6%) құс 65 мың 171 бас. (101,0%)

        Ет өндірісінің көлемі – 22 млн 603 мың тонна (102,7%), сүт өндірісінің көлемі – 67 млн 475 мың тонна (104,5%), жұмыртқа 9 млн 189 мың. дана (102,2%).

«Қарқаралы» несие серіктестігі, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 138 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер 1 млрд 834 млн теңгеге несие алды.

Оның ішінде: 214,3 млн. теңгеге - 534 бас асыл тұқымды ірі қара, 60,8 млн. теңгеге - 1215 бас қой, 1 млрд. 064 млн. теңгеге - 2305 бас жылқы, 387,9 млн. теңгеге - 105 дана техника мен қосалқы жабдықтар және көктемгі дала жұмыстарына – 102,5 млн. теңге.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 28 дана техника мен қосалқы жабдықтар 279,8 млн теңгеге алынды.

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына инвестиция тартудың маңызы зор. Құйылған инвестициялар көлемі 2022 жылы 2,2 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту бойынша жоспар 163 бірлік техника жоспарланса, 124 (792 млн.теңге) бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 609 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу, есептен шығару бойынша – 380, техникалық байқаудан өткізу бойынша – 180, тракторист – машинист куәлігін беру бойынша – 25, кепілді тіркеу, шығару бойынша – 24.

2022 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан 1,0 млрд. теңгеге жуық субсидия төленді, оның ішінде өсімдік шаруашылығына 12 млн. теңге, мал шаруашылығына 714,9 млн. теңге, сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларына және құрал жабдықтарға 300 млн. теңге.

2022 жылдың қазан – қараша айларында Астана, Алматы, Қарағанды, Саран қалаларында «Ауыл береке-2022» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы 69 тонна ет, 3 тонна сүт, 211 құс еті апарылып, саудаланды.

 

 

А.Қасымов,

Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы 

бөлімінің басшысы.

 

 

 

 

Дата публикации
20 января 2023
Дата обновления
20 января 2023
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы