Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 сәуірдегі №32 қаулысымен 2026 жылдың 24 мамырына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Темірші ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.
Темірші ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 16 сәуірден басталып, 2026 жылдың 28 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Темірші ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 03 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 03 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы