Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарламасы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 01 наурызда өткен сайлауда сайланған Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының:

2026 жылғы 2 наурыздағы № 23 шешімінің негізінде – Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімі ретінде 1996 ж. туған, «Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-ің бас маманы, Қарқаралы ауданы, Талды ауылының тұрғыны Жұмажан Елдар Құмарұлы тіркелді.

2026 жылғы 2 наурыздағы № 24 шешімінің негізінде - Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімі ретінде 1970 ж. туған, «Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты» ММ-ің әлеуметтік сала жөніндегі бас маманы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны Даулетбаев Азамат Сембырович тіркелді.

 

Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 марта 2026