Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
2026 жылғы 01 наурызда Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 849 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 702 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жұмажан Елдар Құмарұлы – 607 сайлаушы дауыс берді;
Қапбас Еркін Қабылұлы – 42 сайлаушы дауыс берді;
Толеубаев Максат Дюсенханулы – 43 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімі болып 1996 ж. туған, «Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-ің бас маманы, Қарқаралы ауданы, Талды ауылының тұрғыны Жұмажан Елдар Құмарұлы сайланды.
2026 жылғы 01 наурызда Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 222 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 145 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Даулетбаев Азамат Сембырович – 130 сайлаушы дауыс берді;
Караманова Сандугаш Абдикаримовна – 8 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінің әкімі болып 1970 ж. туған, «Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты» ММ-ің әлеуметтік сала жөніндегі бас маманы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тұрғыны Даулетбаев Азамат Сембырович сайланды.
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы