Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің тұрғындарының назарына!
Сіздерді 2026 жылғы 1 наурыз таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтері әкімдерін сайлауында дауыс беруге қатысуға шақырамыз.
Тұрғылықты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге болады:
Қасым Аманжолов сайлау округі
Талды ауылы, Талды ауылының клубы, Жамалиден көшесі, 12 үй, №477 сайлау учаскесі;
Ақбай-Қызылбай ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Ақбай-Қызылбай ауылының № 24 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақбай–Қызылбай көшесі, 52 үй, №478 сайлау учаскесі;
Белдеутас ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Белдеутас ауылының № 52 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Белдеутас көшесі, 11 үй, №479 сайлау учаскесі;
Сарыобалы ауылы, Сарыобалы ауылының клубы, Сарыобалы көшесі, 43 үй, №480 сайлау учаскесі;
Аққора ауылы, Аққора көшесі, 2 үй, 1 пәтер, жеке үй, №481 сайлау учаскесі.
Қоянды сайлау округі
Қоянды ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қоянды ауылының жалпы білім беретін № 35 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алаш көшесі, 12 үй, №500 сайлау учаскесі.
Өздеріңізбен жеке куәліктеріңіз болуы қажеттігін естеріңізге саламыз!