«Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы №VIII-22/166 «Қарқаралы ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарқаралы аудандық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленген.

Бұл жобаның мақсаты мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін ұлғайту.

Қарқаралы аудандық мәслихатының шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылуға жатады.

Қарқаралы аудандық мәслихатының шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
13 февраля 2026