Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 65 түрін көрсетеді.
Қарқаралы ауданында 2025 жылы 4537 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 517- қағаз түрінде, 504- Мемлекеттік корпорация және 3516 (75%)- электрондық түрде көрсетілді.
2025 жылы бекітілген Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 7 бақылау іс-шарасы жүргізілді, бақылау іс-шарасымен қамтылған объектілер саны 7 Бақылау материалдары бойынша бақылау актілері жасалды. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 8 мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарында оқытылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының нормалары бойынша 7 семинар-кеңес өткізіліп, бөлім басшылары аудан тұрғындарымен 8 тікелей эфир, аудандық «Қарқаралы» газетінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында 4 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, Қарқаралы ауданының аумағында барлық мемлекеттік қызмет көрсетушілердің, соның ішінде 23 ауыл және кент әкімдіктерінің ғимараттарында мемлекеттік қызметті алушылардың игілігі үшін қажетті техникамен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары орналастырылған. Осы қызмет көрсету секторлары арқылы жыл басынан 60 аудан азаматы электронды үкімет порталының қызметтерін алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, бақылау мәселелері бойынша есеп тоқсан сайын аудандық Қоғамдық кеңестің назарына ұсынылады.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.