Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану барысында бұзушылықты анықтау және түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерді пайдалану барысында  бұзушылықты

анықтау және түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша

жұмыс тобын құру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексіне», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 252 бұйрығына сәйкес:

  1. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану және пайдаланбайтын бұзушылықты анықтау және түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Жұмыс тобы пайдалану және пайдаланбайтын жер телімдерін анықтау және түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды іске асыруын және қойылған міндеттердің шешуін қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

 

 

          Қарқаралы ауданы әкімінің м.а.                                       С. Мусин                                                    

Дата публикации
23 января 2026