Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №3 қаулысымен 2026 жылдың 1 наурызына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.
Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 22 қаңтарынан басталып, 2026 жылдың 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы