Қарқаралы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2025 ж. «3» қыркүйек №74
шешімімен бекітілген
Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже
1.1 Осы Ереже Қарқаралы ауданының Жас сайлаушылар клубымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нысаны мен ұйымдастырылуын айқындайды.
1.2 Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде, жастармен өзара іс – қимыл жасау үшін жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі - Клуб) форматында диалог алаңын құрады және ұйымдастырады.
1.3 Клуб өз қызметінде мемлекеттік органдармен, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру мекемелерімен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауға құқылы.
2.1 Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
2.2 Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
3.1 Клубтың қатысушылары 14-30 жас аралығындағы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім алушылар, жас сарапшылар, ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бола алады.
3.2 Клубтың құрамы 5-тен 15 адамға дейін, тұрақты жұмыс істейтін. Жалпы іс-шараларға қатысатын саны шектелмеген.
3.3 Клуб қызметіне қатысу үшін қатысушының тікелей ерік білдіруі қажет. Әрбір тілек білдіруші клуб төрағасына жүгінуге және клуб қызметіне қатысуға ниет білдіргені туралы хабарлауға құқылы.
3.4 Клуб төрағасы клубтың бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланады, хатшы жас сайлаушылар клубының жұмысын үйлестіруге жауапты аумақтық комиссияның мүшесі болып табылады.
3.5 Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
3.6 Клуб қатысушылары құқылы:
1) Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
4.1 Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
4.2 Клубтың отырыстарын төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет шақырады және өткізіледі.
4.3 Аумақтық сайлау комиссиясы клубтың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және клуб отырыстарын дайындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
4.4 Аумақтық сайлау комиссиясы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді.
5.1 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен енгізіледі.
5.2 Клубтың қызметі Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша тоқтатылады.