«2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған тарифтерді бекіту болып табылады.

Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.

Қарқаралы ауданы әкімдігі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылуға жатады.

Қарқаралы ауданы әкімдігі қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
15 декабря 2025