Қарқаралы қаласында жер учаскелері бойынша аукцион

2025 жылғы 04 қыркүйек күні сағат: 10.00-де Қарқаралы қаласының аумағында жер учаскелері бойынша аукцион өткізу жоспарлануда.

Сауда-саттыққа келесі нысалы мақсаттары бар жер учаскелері қойылады: ІҚМ (ірі қара малдың) және жылқының терісін терең өңдеу цехтары бар өндірістік базаны салу және пайдалану үшін - 1 объект.

Сауда-сатыққа шығырылатын нақты жер учаскелерінің тізбесімен
E-QAZYNA.KZ мемлекеттік тізілім порталында танысуға болады.

Аукционға қатысу үшін E-QAZYNA.KZ мемлекеттік тізілім порталына сілтеме бойынша тіркеліп,сізді қызықтыратын жер учаскесін таңдап, кепілдік жарнаны төлеу жасауыңыз қажет (кепілдік жарнаның ең төменгі мөлшері – 196 600 теңге). Сауда-саттық (аукцион) бағаны көтеру шарттарымен өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмеріне хабарласуға болады – 8 (72146) 31-4-04

Анықтама:

Егер сауда-саттық (аукцион) басталған сәтте сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша (аукцион) залында сауда-саттық (аукционға) бір қатусушы тіркелген және болған жағдайда, онда осы сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілмейді деп танылады.

Дата публикации
20 августа 2025