Әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Қарқаралы ауданының Тәттімбет ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылы 19 тамызда Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Сайлау комиссиясының төрағасы С.К.Нуркенов «Тәттімбет ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы» баяндама жасады.

Ол жалпы алғанда, 2025 жылдың 7 тамыз бен 19 тамыз аралығында Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің әкіміне 3 үміткер ұсынылғанын айтты. Оның ішінде саяси партиялардан - __1__, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - __2__ кандидат. Ұсынылған кандидаттар __1__ әйел, __2__ - ер адам.

Кандидаттардың орташа жасы - __35__ жас. Ең жас үміткер - _32_ жаста, өтініш берушілердің арасындағы ең жоғары жас - __39__ жас.

Мамандықтары бойынша: 1 – заңгер, 1 – бизнес және басқару, 1 – экономика және бизнес.

Ұсынылған кандидаттар арасында: мемлекеттік қызметкерлер _3_.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процессі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 24 тамыз жергілікті сағат 18-00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп өз жұмысын жалғастыруда, кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеруде.

Дата публикации
19 августа 2025