Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 тамыздағы №63 қаулысымен 2025 жылдың 14 қыркүйегіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлайды.
Тәттімбет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 7 тамызынан басталып, 2025 жылдың 19 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тәттімбет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 24 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 24 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 13 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8(72146)31445.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы